Сәттілік!!! 1-билет доктрина


№23 билет 1. «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

№23 билет
1. «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз. 
Шовинизм - басқа халықтарды кемсіту, қанау және қысым көрсету құқығын негіздеуді мақсат ететін 
Ұлттық артықшылық идеологиясы. Мысалыға неміс және жапон әскерлерінің өздері басып алған 
аумақтардағы мінез-құлқы; Болгариядағы түріктерге, цигандар мен македондықтарға қатынасы; 
фашистік Германия мен КСРО-дағы антисемитизм (еврейлерге деген жеккөрушілік.) 
Толеранттылық (лат.— төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, 
әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — 
адам құқығы мен бостандығы, демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық 
— қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. 
2. Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз. 
Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына 
байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір 
жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық 
жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің 
тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес 
халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың 
қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске 
асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына 
енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. 
көптеген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. 
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, 
халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. 
Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының 
құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық 
қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы 
қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы, бұларға 
Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет