Бірақ көп ұзамай-ақ, қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым-
қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына баста
-
ды. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:
•
1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі
оқыту» туралы арнайы Қаулысы;
•
Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылғы сәуір айындағы «Ұлттық мектеп-
терді қайта құру туралы» Қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы
12
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеологияның ошағы, бала-
ларды Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел
таратылып жіберді).
Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жыл-
дардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына
1989 жылы қол жеткізілді:
•
1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;
•
1989 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы
(Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);
•
1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт
тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік
бағдарламасы».
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең
•
1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
•
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
•
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы:
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару,
заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып та-
былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр
азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға,
оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк
тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек
көрсетуге мiндеттi.
•
2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
•
2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.
13
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |