дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма - сын көздейді. Қазақ әдеби тіл стильдері:
1. Ауызекі сөйлеу стилі
2. Көркем әдебиет стилі
3. Публицистикалық стиль
4. Ресми ісқағаздар стилі
5. Ғылыми стиль
1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі Орны: күнделікті қарым-қатынас
Мақсаты: тіл табысу
Сипаты: қарапайым
Тілдік құралы: одағай, оқшау сөз
2. Көркем әдебиет стилі Орны: көркем шығарма, айтыс, спектакль
Мақсаты: адамның сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету
Сипаты: образды, көркем
Тілдік құралы: ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер,
эмоционалды-экспрессивті сөздер
3. Ресми ісқағаздары стилі Орны: ресми ісқағаздары, ресми кездесулер
Мақсаты: іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат
беру
Сипаты: қысқа да нұсқа
Тілдік құралы: ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер,
терминдер, қалыпты тіркестер
4. Публицистикалық стиль Орны: газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ құралдары)
Мақсаты: ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу
Сипаты: пафосты, ұранды, экспрессивті
16 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу Тілдік құралы: термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби
орамдар, экспрессивті сөздер
5. Ғылыми стиль Орны: ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар,
монографиялар