О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты



Pdf көрінісі
бет120/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

 Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ.
 Жеке құрамға байланысты. 
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар-
лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған 
бұйрықтар 
мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты
бұйрық
деп 
аталады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, 
“... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “... 
орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес” 
деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. 
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа 
ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар 
жеке 
құрам бойынша бұйрық
деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. 
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда
оның cебебі көрсетіледі. 
Мысалы:
• 
Зейнеткерлікке шығуына байланысты 
• 
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты 
• 
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
• 
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
• 
Өз өтініші бойынша
• 
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
• 
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
• 
Ресми сапарға кетуіне байланысты
• 
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
• 
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.
Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы 
көрсетілуі тиіс. Содан кейін 
«№7 БҰЙРЫҚ»
деген сөз және не туралы 
бұйрық екені жазылады. Мысалы: 


197
Орынғазы Әбутәліп
• 
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
• 
Кәсіпорынның жойылуы туралы
• 
Жұмысқа қабылдану туралы
• 
Жұмыстан босату туралы
• 
Уақытша ауыстыру туралы
• 
Үстемақы белгілеу туралы
және т.б.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам 
бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі. 
Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.
1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).
2-ші «Өкімдік бөлік». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет