О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет121/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Айқындаушы бөлікте
бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. 
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат 
негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Өкімдік бөлік
«БҰЙЫРАМЫН»
деген сөзден басталады да, 
бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен 
белгіленеді.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық 
түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және 
қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне бай- 
ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы-
на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.
Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы-
лады. Мысалы,
• 
тыйым салынсын 
• 
босатылсын 
• 
қабылдансын
• 
белгіленсін
• 
жүктелсін
• 
тағайындалсын
• 
ауыстырылсын.
Сондай-ақ мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай 
бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:
• 
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты 
бұйрықтар.
• 
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.
• 
Арнайы бұйрықтар.
• 
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты
 
бұйрықтар
 
ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында 


198
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, 
үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, 
тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі 
жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар 
енгізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет