1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы
және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы-
салы,
Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының 2. Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен,
қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
№7 ХАТТАМАСЫ Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі
жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттама-
лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап
нөмірленеді.
3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан
елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса-
лы,
Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға
мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың
өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол-
са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар 4. Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа
төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады.
Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи- лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева. ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Ә.С. Қалығұлова. 5. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа
қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады.
« ҚАТЫСҚАНДАР:»
220 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады.
Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні
тізбелеп жазылады. Мысалы,