2. ЖАРЫССӨЗ: М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор. А.Мамыров төмендегі пәндер мен арнайы курстар бойынша жоғары талапқа сай дәріс оқиды. Қазіргі кітап ісінің проблемалары – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, Публицистика өнері – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, сырттай бөлім студенттеріне 18 сағат; Редакциялаудың теориясы мен әдістемесі – күндізгі бөлім студенттеріне – 72 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат; Бұқаралық ақпарат құралдары және нарықтық экономика – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат. Сондай-ақ факультет магистранттарына ақпараттар жүйесі пәні бойынша 18 сағат дәріс оқып, арнайы курстар жүргізеді. А.Мамыровтың жүргізетін дәрістерінің деңгейін, ғылыми-әдістемелік бағытта істеген жұмыстарын ескере отырып, оны 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш білдіруді қолдаймын. Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.Мамыров журналистиканың өзекті мәселелеріне қатысты уни- верситетте өткізілген ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стан- дарты мен типтік оқу жоспарларын түзуге автор ретінде қатысты. А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттер- ге қажетті көмекші құрал деп есептеймін. Қазір мерзімді баспасөздегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін. Кафедра мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
228 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу ҚАУЛЫ: 1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын. 2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын. Мәжіліс төрағасы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев Мәжіліс хатшысы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова