11. Төрағаның және хатшының қолы.
Хаттамаға мәжілісті
жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат-
шы қол қояды. Мысалы,
Төраға:
_________________ Г. Нұрышева.
(қолы)
Хатшы:
_________________ Ә. Қалығұлова.
(қолы)
Үлгі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспа ісі
және редакциялау кафедрасы мәжілісінің
№2 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы
2005 жыл 18 қазан
Қатысқандар:
Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев;
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Әбдібеков;
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы
А.Мамыров;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Айтжанов;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Өмірбекова;
филология ғылымдарының кандидаты А.Мұхтарова;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Садықов;
кафедраның аспиранттары мен ізденушілері.
224
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Мәжіліс төрағасы – баспа ісі және редакциялау кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
М.Бердібаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялау-
дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсыну
туралы.
2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін
атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа
10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын
беруге ұсыныс жасау.
1. ТЫҢДАЛДЫ:
Садықов Мамыржан Тілеуұлы «Редакциялаудың теориясы мен
практикасы» атты оқу құралының жалпы мазмұны, құрылымы,
мақсаты мен міндеттері, теориялық, методологиялық негіздері,
практикалық құндылығы туралы баяндама жасады.
СҰРАҚТАР:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
1.Оқу құралын жазуда қандай теориялық еңбектерді басшылыққа
алдыңыз?
2.Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен
типтік және оқу жоспарларына сәйкестендіріп оқу құралын келешекте
оқулық ретінде жазып шығу жоспарыңызда бар ма?
3.Оқу құралында редакциялаудың қандай әдістері ұсынылады?
ЖАУАП:
1.Оқу құралын жазу барысында баспа ісіне қатысты жарық көрген...
(жауаптың толық нұсқасы жазылады).
2.Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен
типтік және оқу жоспарларына сәйкес... (жауаптың толық нұсқасы жа-
зылады).
3.Оқу құралында редакциялаудың... (жауаптың толық нұсқасы жа-
зылады).
225
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |