О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет16/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Хронологиялық тәсіл.
 
Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз 
көрсетіледі де, ары қарай «кері хронологиялық» ретпен жазылады. 
Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші 
аяқталған оқу орны жазылады. 
Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды 
көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа 
бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы 
мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл.
 
Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс 
тәжірибесі мол адамға лайықты. Бірақ, мұнда да жұмыс өтілі «кері 
хронологиялық» ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер 
көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда 
жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, 
қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1980-2010 жылдар аралығында №107 
мектепте І, ІІ, ІІІ, ІV дәрежелі математика пәнінің мұғалімі қызметтерін 
атқарды».
Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған 
кепілдеме
болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. 
Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
Түйіндеме жазу барысында сізді жұмысқа қабылдайтын басшыға 
түйіндемені оқып шығуға ыңғайлы болуы үшін түйіндеме құрылымының 
сол жақ бағаны қою қара әріптермен айқын көрсетілгені дұрыс.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін, онда: 
сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не 
нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.
Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс 
тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. 
Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің 
әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы 
сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден 
ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке 
басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. 
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің 
таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты на-


22
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
зарда болуы керек. Мысалы, сіз 
менеджер
болып орналасқалы келсеңіз: 
түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, 
ұйымдастырушылық қабілетіңіздің жоғарылығы, адам психологиясын 
жақсы білетіндігіңіз, тапқырлығыңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек. 
Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет