Жетіншіден, сайлау заңнамасы жаңа ережелер бойынша жұмыс істейтін болады. Саяси
партияларды тіркеу рәсімі оңайлатылуда, бұл бүгінде жаңа партиялардың, саясатта жаңа
тұлғалардың пайда болуына, саяси бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді. Ал бұл жаңару, саяси
модернизацияның тереңдеуімен ол тек қана алға жылжиды және өседі.
Сегізіншіден , биліктің өкілді органдарын жаңарту, Мәжіліс пен мәслихаттарды құрудың
жаңа қағидаттары атқарушы вертикалды – Үкімет пен әкімдіктерді кешенді қайта құрумен
тығыз байланысты болмақ. Алдағы уақытта Үкімет құрамына көпшілік дауыс алған партияның
өкілдері ғана емес, басқа парламенттік партиялардың өкілдері де енетін болады.
Тоғызыншыдан , Жолдауда айтылған барлық саяси бастамалар «күшті Президент – ықпал-
ды Парламент – есеп беретін Үкімет» мемлекеттік құрылысымыздың негізгі формуласын жан-
жақты нақты мазмұнмен толықтыра түседі.
Жалпы, әділеттілікке барар жолдағы еліміздегі жаңа саяси реформа бүкіл жүйені қайта
құруға мүмкіндік беретін сайлау циклінің бастамасы болмақ. Екінші республика мемлекеттік
құрылымның өзгеруін, жаңа саяси үлгіге көшуді білдіреді. Яғни, бұл суперпрезиденттік
жүйеден күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу, азаматтық қоғамы
күшті тиімді мемлекеттің үлгісін құру болып табылады. Аталған саяси реформалар тоғызыншы
басымдық формуласы бойынша жүзеге асырылады.
«Жаңа Қазақстан» курсы – ұзақ кезеңнен кейін қазақстандықтардың дүниетанымындағы
құнды өзгерістер, дамудың саяси-әлеуметтік және экономикалық моделін түбегейлі қайта құру
жолына түскен Президенттің ел болашағына көзқарасы. Ескі жүйені сақтау және реформалар
барысын тоқтату мақсатында суперпрезиденттік билік пен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті
жағдайында елдің дамуы. «Жаңа Қазақстан» – әділеттілік, адалдық, адал еңбек принциптеріне
құрылған қуатты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет. Мемлекеттік құрылымның жаңа
парадигмасын қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформа нормативтік жоба болып
табылады.
Осылайша Жаңа Қазақстандағы әділетті мемлекет құрудың рухани сабақтастығы
ежелгі кезеңнен басталып, түркілік мәдениетпен астасып бүгінгі күнмен жалғасын табуда.