Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет22/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Abstract.
This article describes the study of ancient Turkic monuments, which became the object of research of 
the scientific project «The system of concepts in the worldview of the ancient Turks» of the Ministry of Science and 
Higher Education of the Republic of Kazakhstan. The problems considered in each research work are analyzed and 
scientific directions are formulated. In these studies, it is said that the main conclusions arising from the existence of 
man and the existence of the world are not covered. It is emphasized that the task now is to identify and explain the 
«Perfect Man» in the knowledge of the ancient Turks and the «Image of the World», formed in the historical 
consciousness.
Keywords.
Ancient Turkic monuments, objects of research, main directions, modernization of consciousness 
Халықаралық конференцияға өзек болып отырған «Санадағы жаңғыру: «Әлем» бейнесінің 
рухани мұраларда берілу сипаты» тақырыбындағы зерттеулердің өзектілігін айқындау үшін, 
алдымен, көне түркі мұраларының қаншалықты және қандай бағытта зерттелгендігін анық-
таудың мәні зор. 
Тақырыпқа қатысты Ресей түркологтарының алғашқы зерттеулері қалың ғылыми көпші-
лікке белгілі болғандықтан, ол туралы сөз қозғамауды жөн көрдік. Бұл мақалада әлі кеңінен 
танымал бола қоймаған және соңғы кезде ғана баспа бетінде жарық көрген еңбектерге талдау 
жасауды мақсат еттік.
Тарихи мұралардың бүгінгі ұрпақтың жаңа ой-сана парадигмасын қалыптастырудағы орны 
ерекше. Жолдауда атап көрсетілген санадағы жаңғыру процессі қалай жүзеге аспақ деген 
сұраққа келер болсақ, тарихи мұраларда орнығып, күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған озық 
идеяларды құндылықтар тұрғысынан талдау арқылы жүзеге асыруға болады. Адам адам болып 
жаратылғаннан бері оның өмір сүру салты мен қызығушылығы, табиғатқа деген сүйіспеншілігі 
мен қарым-қатынасы, тіршілікті жақсартуға деген ұмтылысы мен бақытты өмірге деген 
құлшынысы сөнген емес, үнемі тоқтаусыз болып тұрған процесс. Осы процессте өзін қоршаған 
ортаның қыр-сырын бағамдап, өзіне дейінгілер қалай өмір сүрді, нені қадір тұтты, нені жек 
көрді, адамдардың тыныш, бақытты өміріне не үйлесімді, не нәрсе үйлесімсіз болды дегенді 
ғасырлар бойы зерттеп, танып білді, түйін жасады. Осы танымдағы пайымдаулар өзінің ізін әр 
кезеңдегі дүниеге келген туындылардың авторлық идеясында, құндылықтар деп санаған ой-
тұжырымдарында, қолданыс тілінде орнықты. 
Құндылықтар ретінде бағаланған ұғым-түсініктер мен пайымдаулар сандаған ғасырлар 
өтсе де асыл қасиеттер ретінде дәріптеліп отырды. Қазіргі жаһандану дәуірінде, құндылықтар 
туралы түсініктер араласып, озығы мен тозығын ажырата алмай қалған тұста, бабалар 
қалдырған озық идеяларды тауып, қоғам игілігі тұрғысынан зерделеп, деректер мен идеялар, 
аталы сөздер мен символдар түрінде қайта ұсыну – ұрпақ санасын жаңғыртуда таптырмас құрал.
Көне түркі мұраларын тауып, жинастырып, оқып, талдаған зерттеушілердің де мақсаты 
әлемдік өркениетке үлес қосқан ескерткіштерді танытып қана қою емес, бұрынғылардың үлгі-
өнегесін адам игілігіне жарату болды. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 
құрастырылған «Әлемдік педагогикалық ой-сана» деп аталатын кітаптың редакция алқасы
1-томда Ежелгі дәуір әдебиетін жинақтап бастырды. Бірінші томның алғашқы бөліміне Ежелгі 
Таяу шығыс тақырыбында Месопатамия өркениетін танытатын «Гильгамеш туралы дастан, 
«Ежелгі шумерлердің мектеп өсиеттері», «Ортаассириялық заңдар», «Хаммурапи заңдары» 
тәрізді шығармаларды берген. 
Еңбекте «Ерте дәуірлердегі мәдени құбылыс болып саналатын сансыз шығармалар Ежелгі 
Азияның әртүрлі аймақтарында пайда болып, адам баласының жоғары деңгейде тәрбиеленуіне 
ықпалын тигізуде» деп, өте әділ тұжырым жасалған [1,16]. Месопатамия мәдениетінің, 
шумерлер өркениетінің ежелгі түркілерге қандай қатысы бар деген ой тууы мүмкін. Шумерлер 
мәдениеті мен ғылымын, ақыл-ой жетістігін Мысыр мәдениеті деп қабылдаған пікір үстем 
болып келді. Шумерлерді түркілерге жақындатпай, шумер-түркі байланысын қиялдың 
туындысы деп қарау бұл тақырыптың жеткілікті зерттелмегендігінен еді.
Мырзатай Жолдасбеков «Йоллығтегін Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші» деп аталатын 
көне түркі тілінен аударған кітабында нені мақсат еткенін кіріспе сөзінде айқындап берді: 
«Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы 
оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай дегенде де, өте ертеде жасалған бұл ескерткіш-


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
19 
тердің түркі халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, ой-санасынан, әдет-ғұрпынан, 
дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы рухани мұра екендігі даусыз», – деп [2,8], басты көңіл 
аударатын нәрсе көне түркілердің мәдениеті, өмір сүру салты, құнды дәстүрлері, дүниетанымы 
екендігін атап көрсетті. М.Жолдасбеков көне әдебиет үлгісі деп тапқан ескерткішті көркемдік 
тәсілдері мен өлең ұйқастарын, жанры мен стилін сақтай отырып аударды да, эстетикалық күші 
мен тағылымдық мәнін бүгінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Аударма осымен құнды. «Қызыл 
қанымды ағыздым, қара терімді төктім» деп келетін жолдардың деректі баяндаудан гөрі, сезімге 
әсер ету күші басым, эмоционалдық мәні қуатты. Бұл жолдардың астарында елге деген 
сүйіспеншілік, тәуелсіздік жолындағы құлдыққа қарсы рух жатыр. Аудармада Бумын, Естеми, 
Білге, Күлтегін, Тоныкөктің ізгі арманы, жауапкершілікті сезінген елжанды тұлғасы, табанды 
қайсар мінезі, әрекеттерді бағалаудан туған көңіл күйі өлең ұйқасын сақтап аудармаса, оқырма-
нына жетпес еді. Жоғары эстетикалық талғам тас дастандағы кейіпкерлердің атын айшықтап 
беруден де көрінеді: Білге қаған, Білге Тоныкөк, ақыл иесі, алып қаған, кемеңгер қолбасшы, тағы 
сол сияқтылар. Күллі іс-әрекеттердің өзі небір эпитеттермен көмкеріліп, образды сөздермен 
суретке айналдырып, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің қолданысы арқылы тұжырымда-
лады. Мысалы: үзе көк теңрі (үстіде көк тәңірі), асра йағыз йір ( төменде қара жер), едгүті есід 
(мұқият тыңда), қатығды тыңла (терең ұқ), йаблақ ағы (жаман сыйлық), едгү ағы (жақсы 
сыйлық), ачсық тосық өмез сен (аштықта тоқтықты білмейсің), бір тодсар ачсық өмез сен (бір 
тойсаң аштықты білмейсің), көлүр ерсер күч үкүлүр (қол қосылса, күш өсер), иуйқа ерікліг 
топлағалу үчүз (жұқаны тауптау оңай), иінчге ерікліг үзгелі үчүз (жіңішкені үзу оңай), іші-ассыз, 
сырты-тонсыз т.б. [2,7-76]. Осылардың бәрі көне дәуірде-ақ көне түркілердің сөздің күшін 
сезінуі, эстетикалық талғамның биіктігі, сөйлеу мәдениетінің жоғары болғандығы аңғарылады. 
2001 жылы «Өлке» баспасынан Қадыр Мырза Әлидің «Ежелгі түркі рун жазбалары. 
Күлтегін. Тоныкөк» деп аталатын кітабы жарық көрді. Кітаптың Алғысөзінде Қадыр Мырза Әли 
«Орхон-Енисей жазбаларының қазақ, татар,өзбек, башқұрт, қарақалпақ, хакас және басқа да 
түркі тектес халықтарға ортақ тарихи, әдеби мұра екеніне бүгінде ешкім шек келтірмейді. Сөйте 
тұра, оның тура мұрагері – бүгінгі қазақтар. Ол ғана мәтін емес. Тарихи дерек және болашақ 
түркі дастандарының төркіні. Таза жыр деп айту қиын. Бірақ сол таза жырға тура алып баратын 
аралық жанр. Түркі халықтарының өте көне тарихын бір емес, бірнеше ғасыр әрірек апарып 
тастайтын құнды шежіре» [3, 7] деген еді. Осы жерде ақын тас дастанның жанрын анықтап 
берді. Бұл кітапта Қадыр Мырза Әли оқырман үшін өте пайдалы іс тындырды. Ақын 
Ғ.Айдаровтың, Қ.Өмірәлиевтің, М.Жолдасбеков сынды ғалымдардың жолма-жол аудармала-
рымен қоса, өзінің көркем аудармасын ұсынды. Зерттеушілердің қандай аударманы негізгі 
нысан етіп алуы жұмыстың мақсатына байланысты. Егер дастанның мазмұнын тақырыптық-
жанрлық-эстетикалық тұрғыдан қарастыру қажет болса, Қадыр Мырза Әлидің көркем аударма-
сы жарап-ақ тұр. Ал дастанды тілдік-стильдік-танымдық тұрғыдан зертеу керек болса, ғалым-
дардың жолма-жол аудармасына сүйенген дұрыс болады. Құлмат Өмірәлиевтің нұсқасында 
мәтін қазіргі қазақ тілінің нормасына келтіріліп, айтылмай түсіп қалған сөздерді жақшаның 
ішіне жазып отырып аударған. Яғни дастан мәтіні түпнұсқадағыдай сөйлемдерді сактап, жолма-
жол аударылған. Ғалымдардың арасында ескерткіштерді аудармадан емес, түпнұсқаны пайда-
ланып зерттеу керек деген пікір қалыптасқан. Руникалық таңбаларды оқу қолжетімді емес 
екенін ескерсек, Құлмат Өмірәлиевтің аудармасын тілдік бірліктердің сипаты мен қызметін 
зерттеуде өте маңызды нұсқа деп қабылдауға тура келеді. Ғ. Айдаров пен М. Жолдасбеков 
аудармалары ұқсас, сөйлемдегі ұйқас пен ырғақ сақталып аударылған. Бұл аудармаларда тек 
жекелеген сөздердің қолданысынан, сөздердің синонимдік қатарын ауыстырып пайдаланудан 
айырмашылықтар шығып қалады. Олай болса, Қадыр Мырза Әлидің кітабы – нұсқаларды 
салыстыра отырып зерттеуде таптырмас құрал. 
Қ. Сартқожаұлының «Таста қалған тағылым» атты еңбегі – көне түркі ескрткіші, көне түркі 
тілі жайында маңызды ақпарат беретін еңбек. Еңбекте «Түрік жазуы: оқылу тарихы мен бүгінгі 
пайымы» тақырыбындағы газет беттерінде жарияланған танымдық мақалалары, «Ғасырлар 
тереңінен терген сыр-сұқбат» деп аталатын бөлімде Орхон есекрткіші және жазудың тарихы, 
қазақтың әлем түркологиясына қосқан үлесі, қыпшақ тілінің құдіреті т.б. ғылыми мәні жоғары 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
20 
мақалалар мен естеліктер, «Тарлан түрколог» атты үшінші бөлімде ғалым Қ. Сартқожаұлы 
туралы толғаулар берілген.
Бұл кітаптан біздің «Әлем» бейнесінің рухани мұраларда берілу сипаты» тақырыбындағы 
зерттеуімізге әдіснамалық негіз ретінде алынатын ойлы тұжырымдар мен бағалы деректерді 
таптық. Көне түркілер танымын қыпшақтармен, оның ішінде қазақтармен байланыстыратын 
құнды пікірлер «Көне түркілер танымындағы концептілер жүйесі: «Адам» және «Әлем» бей-
несінің көне мұраларда берілу жайы» тақырыбындағы зерттеуімізге деген сенімімізді арттырып, 
дұрыс бағытта жүргенімізді көрсетті. Мәселен, ғалымның көне түркі ескерткіштеріндегі әліп-
биді түркі этносына жолатпай, оларды арамей, соғды, финикея әліпбиінен шықты деген пікір-
лерге қарсы шығып, байырғы түрік бітіг әліпбиі – түркі халқының төлтуындысы, олардың өз 
өнімі екенін дәлелдеген пікірлері ғылыми көпшілікті рухтандырды. Осы тұста Қ. Сартқожа-
ұлының «қазіргі заманда 40-тан астам түркі халықтары араб, кирилл, латын алфавиттерін 
қолданып отыр. Бірақ та, бірде бірі байырғы түрктердің бітіг әліпби грамматикасындай жетілген 
ереже жасай алған жоқ» деген тұжырымы [4, 16] адастырмас ақиқат еді. Көне түркі ескерткіш-
терінің саяси маңызын «Мәңгілік ел саясатында, мәңгілік тастағы көне тілі мен тарихын, 
этномәдениетін, дүниетанымын, өнерін, этнопсихологиясын, дәстүрі мен салтын бүгінгі сіздер 
мен біздерге жеткізуімен» байланыстыра келе ғалым: «Көк түріктердің тікелей мұрагерінің бірі 
– қазақ халқы. Түрік қоғамының қол астында болған қыпшақ Орталық Азиядағы қалың 
динмендер, керей, найман, қарлұқ, басмыл (арғын), үйсін, дулат, адай, беріш, әлім, чігіл, шекті, 
таздар кейін қазақ ұлтын құрады», – деп жазды [4, 18]. Көк түрік қағанатының билеуші тайпасы 
қыпшақтар екенін, олардың тілі түркі тілінің қыпшақ тіл тобына жататындығын әрі тарихи 
этнографиялық салт-дәстүрі қазақтан айырмашылығы жоқ екенін автор дәлелдеумен келеді. 
Әсіресе, ғалымның 800-ден астам сөзден тұратын Орхон ескерткіші сөздерінің 60 пайызы қазақ 
тілінде бар екендігін айтқан тұжырымы біздің зерттеуіміз үшін аса маңызды болмақ. 
2007 жылы «Таймас» баспа үйінен құрастырылып шығарылған «Әдеби жәдігерлер» атты 
жиырма томдық кітаптың 1-томы көне дәуірдегі әдеби ескерткіштерді жинақтап берген. 
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітапта көне түркі әдебиеті-
нің сақ-ғұн заманынан жеткен үлгілері, Қытай жылнамаларындағы ежелгі түркілердің салт-
дәстүрі мен тарихына, мәдениетіне байланысты тарихи баяндар, Түркі қағанаты тұсындағы 
әдеби жәдігерлер, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты дастандар, IX-X ғасыр-
лардағы көне түркі әдеби ескерткіштері, «Оғыз- нама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», Әбунәсір 
әл -Фараби туындылары енгізілген. «Әдеби жәдігерлер» сериясының басты мақсаты – халықтың 
ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі 
халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштері мен XY-XIX ғасырлардағы 
әдебиет шығармаларын неғұрлым толық жариялау» [5, 7]. Шын мәнінде, әдеби жәдігер 
мәтіндері сол бастапқы қалпында жарияланып, ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмеген. 
Осы себепті Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырларындағы қажетті сөздер жазылмай, ашық 
қалған. Мысалы: Күлтегін дастанында: Батыс беті. 37. Соғыстық. Күлтегін боз қасқа ат мініп 
шапты. Боз қасқа [...........]. Оң жақ беті. 1. [...........] бірге Қоошу тұтықпен соғыстық. Ерлерін көп 
өлтірдік. жариялау Білге қаған дастанында: Батыс беті. 36. Жаңылғанда ..... [...........]......... түстік-
те Табғачтың атақ-даңқы жоқ болды. Солтүстік беті. 1. [...........] табғачтың он жеті мың әскерін 
алғашқы күні қырдық. Жаяу әскерін екінші күні қуып қырдық. [...........] жиылып барды. Мұның 
өзі дастандардың мазмұнын түсінуге қиындық келтіреді. Жәдігерлерді құрастыруда негізінен 
Қ.Сартқожаұлының 2003 жылы жарық көрген «Орхон мұралары» кітабы мен Ғұбайдолла 
Айдаровтың 1990 жылы басылған «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы пайдаланылған.
Тоқболат Еңсегенұлы «Көне түркі руна жазба поэзиясы. Оқу құралы. Екінші кітап. 
Орхондағы түркі руна жазба дастандары» кітабының кіріспесінде келіспеуге болмайтын, тарихи 
шындықты бұрмалап, көшпенділер мәдениетін ескермеген жұрттың теріс көзқарасын сынға 
алды. «Бағзы заманғы дана бабаларымыз көне түркі дәстүр-салтын, нанымын, бейне-белгі, таң-
баларын, әдебиетін, түркілік жауынгерлік келбетін қалыптастырып, түркі мемлекетін орнатып, 
түркілік рухқа толы жыр-дастанын жазды. Сол зор жетістіктерді біздер кезінде тауып, зерттеп 
игермегендіктен, көне мәдениеті болмаған, өркениетке жетпеген ел атанып, үлкен құндылық-


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
21 
тарды жасап, дүние халықтарының игілігіне айналдырған ежелгі дәуірдегі бабалар атына кір 
келтіріп, өзіміз «жабайы, әзір астың атасы» атандық. Бұл айтылғанымызды Л.Н.Гумилевтің: 
«міне, сондықтан батыс европалық ғалымдар арасында көшпелілер «адамзаттың арамтамағы» 
(Виолле ле-Дюк) деген пікір пайда болған» деген сөзі нақтылай түседі» [6,3]. Өте орынды пікір. 
Көне түркілік танымның тереңдігі мен өміршеңдігін, ойлау жүйесінің адамзат ойлауымен 
бірлігін тауып, көнетүркілік сананың жалпы адамзаттық сананы қалыптастыруға қосқан үлесін 
зерттеу ісі кенжелеп қалды. Көне түркілер өздерінің рухани мұраларында адам баласының өмі-
рін жеңілдететін өмір сүру ережелерін, қоршаған орта-әлем болмысын түсінуге қажетті тұжы-
рымдарды, адам мен қоғам үйлесімділігін анықтауға бағытталған заңдылықтарды жазып қал-
дырды. Көне түркілер дүниетанымындағы «Адам» мен «Әлем» моделін қалыптастырды. Міне, 
көне түркілер қалдырған жәдігерлерді осы бағытта зерделеп, сананы жаңғыртудың көзі ретінде 
зерттеу қажеттігін Т.Еңсегенұлының жоғарыдағы айтылған пікірінен де түйіндеуге болады.
Ғалымның «Көне түркі руна жазба поэзиясы. Орхондағы түркі руна жазба дастандары» 
атты оқу құралы бес бөлімнен тұрады: 1. «Көне түркі руна жазба дастандары» деген бөлімде 
автор Орхон жазба ескерткіштерін танудың ақиқаты мен дәуірін, зерттелуін сөз етеді. Көне түркі 
руна жазба ескерткіштерінің бүлініп, қиратылуына себеп болған жайт – бұл ескерткіштердің 
табиғатын танымай, жазылу мақсатын түсінбеуден туғандығын тілге тиек етеді. Рас, Еуропа 
ғалымдарының бұл ескерткіштерді «Қабір басындағы құлпытас» деп қарауы оларды рухани 
жазба мұра ретінде тануға кедергі келтірді. Ежелден ел мүддесіне бағытталған маңызды 
мәселелерді сына жазуымен биік тастарға, храм қабырғаларына жазу дәстүрге айналғандығы 
сондай – бұларды көшпелілер өмір сүрген кеңістіктің барлық бұрышынан және Шығыс халық-
тарының бәрінен дерлік табуға болады. Т. Еңсегенұлы осы бөлімде тарихи деректерді бір-
бірімен салыстырып, содан туындаған ой-пікірлерді қорытып, бірнеше жаңа ғылыми тұжы-
рымдар жасаған. Ол тұжырымдар мынадай мәселелерді қамтиды: тасқа қашалып жазылған 
көлемді жазудың алғаш Шығыс халықтарының арасында туып, қалыптасқандығы; бұл жазба-
ларды ежелгі заманның конституциясы деуге болатындығы; жәдігерлердің қандай тақырыпқа 
арналса да поэзия үлгісінде жазылғандығы; бастауын шумерлерден алатын діни қағидаттар мен 
наным-сенімдерді, бұқараға арналған уағыздар мен ерлік жорықтарын тарихи жыр дастан деуге 
болатындығы. Оқу құралының екінші бөлімінде «Күлтегін жазба ескерткіші – эпопеялық 
шығарма» деп аталатын екінші бөлімінде Күлтегін жазба ескерткішін түркі империясын 
орнатудағы маңызды кезеңдерді қамтыған эпостық шығарма деп танып, Күлтегін жазбасының 
композициялық құрылымына талдау жасайды. Осы бөлімде Күлтегін жазба ескерткішінің 
«Манас», «Оғызнама» шығармаларымен туыстығын сөз етеді.
Кітаптың «Білге қаған жазба дастаны» деген үшінші бөлімінде ескерткіштің зерттелуі, 
дәуірі, мазмұны мен формасы, жанры мен идеясы, көркемдік өрнектері талданады. Дастанның 
транскрипциясы мен қазақша аудармасы берілген. «Тоныкөк жазба дастаны» деп аталатын 
төртінші бөлімде ескерткіштің зерттелуі, дәуірі, мазмұны мен құрылысы, образ жасаудағы 
ерекшелігі талданып, транскрипциясы мен қазақша аудармасы берілген. «Онгин, Күлі-Чұр 
жазба дастандары» деген бесінші бөлімде тастағы жазбалардың көркемдігі, дәстүр жалғастығы 
талданып, негізгі мәтіні, қазақша аудармасы берілген [6, 12-399]. 
Т.З. Қайыркеннің «Күлтегін ескерткіші. Тарихи-деректанулық талдау» деп аталатын моно-
графиясының басты жаңалығы – Күлтегін ескерткішіндегі көне түрікше және қытайша мәтін-
дердің мазмұнын тарихи-деректанулық тұрғыдан зерттеп,сөз бен сөйлемнің деректік құнды-
лығы мен әлеуетін, шынайылығын ашып беруі. Монографияның мақсатын автор былайша 
түсіндіреді: «Бұл еңбекте YIII ғасырда көк түріктердің ата мекені Орхон бойында сақталып 
қалған Күлтегін ескерткішіндегі қытайша және руникалық жазбаларды зерттеу, олардың келіп 
шығуын анықтап, әрбір жазбаға текстологиялық талдау жасау әрі тарихи дерек көз ретінде қарай 
отырып, сол кезде болған тарихи оқиғалармен салыстыру, өзге де қатысты деректермен 
байланыстыра сараптама жасау, деректің мәнін, құндылығын анықтау басты нысан етілді» 
делінген [7, 5]. Бұл еңбектің біздің ғылыми жобамызға қажеттілі мынада: монографияда XIII-
XVIII ғасырларға тән деректер мен зерттеулер, XIX ғасырдың соңындағы ресей және еуропа 
ғалымдарының еңбектері, XX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы зерттеулер қамтыл-
ған. Көне түркі тарихына қатысты қытайлық дереккөздер берілген. Мұнымен қоса, монография-


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
22 
да еңбектің деректік құндылығы, қытайша жазбаның жолма-жол аудармасы келтірілген және 
қытайша мәтіндегі атаулар мен ұғымдарға талдау жасалынған.
Қадырали Қоңқабаев, Нурдин Усеев, Негизбек Шабданалиевтердің авторлығымен «Көне 
түркі ескерткіштерінің АТЛАСЫ» деген кітап 2021 жылы Бішкек-Нұр-Сұлтан қаласында 
Халықаралық Түрік академиясынан басылып шықты. Бұл кітапта V-XI ғасыр көне түркі ескерт-
кіштері толықтырылып, ғылыми мазмұнмен байытылды. Көне түркі жазбаларының ашылуы 
туралы мәлімет, ескерткіштердің палеографиялық және тілдік ерекшеліктері, жазба мұралар 
мазмұнының ерекшеліктері, тастағы эпитафиялық жазудың түрлері туралы толық мағлұмат 
аламыз [10]. 
Байқап отырғанымыздай, көне түркі ескерткіштері туралы ғалымдардың зерттеулері ес-
керткіш мәтіндерін транскрипциялап, қазақ оқырмандарына аударма жасаудан, ескерткіштерді 
тарихи көз ретінде дәуірмен және тарихи оқиғалармен байланыстыра сараптама жасаудан, 
ескерткіштердің шетелдік ғалымдар тарапынан зерттелу жайын анықтаудан, тас дастандардың 
мазмұны мен құрылысын, жанры мен идеясын талдаудан тұрады. Енді біздің алдымызда тарихи 
рухани мұра ретінде мойындалған ескерткіштегі түркілік және жалпыадамзаттық құндылық-
тарды анықтап, адам болмысы мен әлем болмысынан туындатқан басты тұжырымдарды талдау, 
бүгінгі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы үшін «Кемел адам» мен тарихи 
санада қалыптасқан «Әлем бейнесін» ашып түсіндіру міндеті тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет