Ғылымға квант термині алғаш рет 1900 жылы ғалым Макс
Планктың
кванттық теория бойынша алғашқы зерттеу жұмысы арқылы
енген. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп
аталатындығы
белгілі болды, яғни ол - бір бөлінбейтін бөлшег.
Бұл әдісті
көбінесе ұзақ мәтінді, оқу материалын студентке меңгерту барысында барлық
пәндер бойынша қолдануға болады. Оқулықта берілген және меңгеруге
әлдеқайда күрделі тақырыптарды түсінікті түрде
және студент ұғымына
лайықтап, сонымен қатар негізгі ұғымдар мен ережелерді, анықтамаларды
түгелдей қамти отырып жеткізуде тиімді болып табылады. Ол үшін, әрине,
оқытушыдан табанды еңбекті талап етеді. Мәтінді кванттеу үшін оның негізгі
ойын, қажетті ақпараттарды жеткізу басшылыққа алынады.
Ұтымдылығы
ретінде ұзақ мәтіннің жеңіл меңгерілуін қамтамасыз етуін атауға болады.
Кванттеу үшін мына қағидалар сақталуы тиіс:
☺ логикалық аяқталу қағидасы бойынша бүкіл мәтін (шамамен алғанда
6-7 жолдан тұратын) абзацтарға (бөліктерге) бөлінеді;
☺ әр бөліктегі ой ықшамдалып алынады, негізгі идея ғана жеткізіледі.
Кейбір жанама мәліметтер, ұзақ түсіндірулерді толық беру
шарт емес;
☺ әр абзацқа тақырыпша қойылады;
☺ тірек сөздер абзац басына не оған таяу жазылады,
себебі негізгі
меңгерілуі тиіс ұғымдар студент назарын бірден аударып тұруы тиіс;
☺ фразалар қарапайым түрде, мейілінше жай сөйлемдер үлгісінде
құрылады;
☺ ғылымиланған және сирек кездесетін сөздер мүмкіндігінше аз кездесуі
тиіс;
☺ ой абзац ішінде басталып, соның
ішінде аяқталады;
☺ білуі тиіс маңызды ой элементтерін міндетті түрде жазу және оны
тексеру қажет. Қорыта айтқанда, кванттеуді негізгі ой желісін толық қамти
отырып, мәтінді ықшамдап беру деп түсінген жөн.
Кейбір жағдайларда тақырыпты студенттің жетік меңгеруі үшін оның өзіне
мәтінді кванттеуге беруге болады.
Егер негізгі талаптар сақталса, студент
идеяны түсінеді, оқу материалын меңгере алды деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: