2. Ашық сұрақтар.
Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын
білдіруді талап етеді. Ондай сұрақтар қызығушылығықты оятып,
әңгімелесушімен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Ойын ашық
білдіруге, дүниетанымын танытуға ықпал етеді. Ашық сұрақтарды төмендегі
4 клишенің көмегімен жүзеге асыруға болады (дегенмен, бұл қатып қалған
қағида емес):
Қалай...?
Маған ... туралы айтып беріңізші
Сіз ... туралы не ойлайсыз?
Не себепті ...?
Жоғарыдағы жабық сұрақтарды ашыққа айналдырса:
Сұрақ: Қазыбек, Төле, Әйтеке бабаларымызды билер деп атауымыздың
себебі неде?
Жауап:
Олар көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған», көкірек көзі
қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да тап
басып, болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы
шарт.
Үш кемеңгер би Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзін төгіліп тұрған жыр
емес деп кім айтады? Ұйқасының қаланған тастай беріктігі, әр сөздегі ырғақ
үндестігі қас ақынға тән шеберлік болмай, немене?
Сұрақ: Олардың сол XVII – XVIII ғасырларда ерекше көріну себебі неде
деп ойлайсыз?
Жауап: Өйткені сол жаугершілік заманда халық бірлігін сақтап қалу
үшін, ерлікке бастап, атамекен, жері үшін күресуде от тілді, орақ ауыз шешен-
билердің үгіт-насихаты, ұлағатты сөздері керек болды.
Міне, қарап отырсақ, ашық сұрақ арқылы сұқбаттасушы екі жақ бір-
біріне ойын еркін жеткізді, толық мәлімет берді. Сол себепті де неғұрлым ашық
сұрақтар қояюға талпындырғанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: