Ілгек тәрізді инешаншымдардың қайырма тігімдерін негізінен
қиғаш инешаншымдардың қайырма тігімдері сияқты орындайды.
Инені әуелі үстіңгі бөлшектің бүктелген шетінің бүкпесіне кіргізеді,
одан кейін осы бөлшектің тесілген жерінің деңгейінде астыңғы
бөлшекті қалыңдығының жартысына дейін теседі (қиғаш
инешаншымның қайырма тігімінен айырмашылығы, оны орындау
кезінде астыңғы бөлшекті жанына қарай біраз жылжытып қамтиды).
Инешаншым жиілігі – 1 см-де 3.
Инешаншымдарды астар түсіне сәйкес № 50 және 60 мақта-мата
жіптерімен және № 33 және 65 жібек жіптермен орындайды.
Қопсыған тігімдерді (1.35-сурет) бүйір, лацкан, жаға, етек және
т.б. шеттерін әрлеу үшін қолданады.
Қопсыған тігімдер құрылым жағынан қайым тігімдердің бір түрі
болып табылады және олардан айырмашылығы ұзындығы кішірек
болады (0,5...1 мм), сол арқылы инешаншым жіптері бекітілетін
бөлшектердің ішінде орналасады және тігім үстіңгі жағы мен
астыңғы жағынан аса білінбей тұрады. Инешаншым жиілігі
матаның қалыңдығына байланысты және 1 см-де 1-ден 5-ке дейін
өзгереді.
Қ о п с ы ғ а н т і г і м д е р д і мата түсіне сәйкес жіңішке жіппен,
№ 33, 65 және 75 жібек жіптермен орындайды. Инені матаға алға
қарай біраз қисайтып кіргізеді, үстіңгі матаны толық теседі,
астыңғы матаны қалыңдығының жартысына дейін теседі де, инені
үстіге шығарады, одан кейін матаға инені шығарған нүктеден 0,5...
1 мм арақашықтықта қайтадан бетіне немесе осы тесікке,
инешаншымды ауыстыру және жасау үшін инені біраз қисайта
отырып кіргізеді. Тігімді білдіртпеу үшін, инешаншымдарды
байлаудың қажеті жоқ. Қопсыған тігімді ылғалды жылумен өңдеуге
дейін орындау қажет.
Тігім ұштарын бекіту үшін ілгек тәрізді инешаншымдарды
қолданады. Олармен уақытша және орнықты қол тігімдерінің
ұштарын бекітеді. Уақытша тігімдерді бір немесе екі ілгек тәрізді
инешаншыммен, ал тұрақты тігімдерді екі-үш инешаншыммен
бекітеді.
1.34
-сурет. Қайырма
тігім
1.35
-сурет. Қосыған
тігім
1.36
-сурет.
Ілгекті
инешаншымдар
Достарыңызбен бөлісу: