оларды
көлденең
инешаншымдармен
орайды.
Бұл
инешаншымдардың жиілігі 1 см-де 7... 10. Бекітпе ұзындығы 0,3...
1,5 см. Қалталарда бекітпе ұзындығы шетінің еніне, ал ілгектерде
өңделген екі шеттің еніне тең болуы тиіс.
Жіпті (тұйық) ілгектер бекітпелердің бір түрі болып табылады.
Олар жасайтын бойлық инешаншымардың саны 1 см-де 4...7,
орайтын 10...15, бекітетін 3...4.
Ілгектер үшін № 10.30 мақта-мата, № 18, 33, 65 және 75 жібек
және гарус № 3...7 гарус жіптер пайдаланылады.
Пішінді бекітпелерді қарсы қатпарлардың соңына қояды,
көбінесе олар сәндік рөлді атқарады. Пішінді бекітпелерде жіптер
біртұтас көлегейленіп орналастырылады. Бекітпелерді жібек
жіптермен немесе гаруспен орындайды.
Түймелер (1.40-сурет) түймелеу үшін ғана емес, сонымен қатар
сәндік үшін де қолданылады. Әдетте оларды негізгі материалдың
тонына қарай таңдайды. Әрбір тесік жұбында екі тесікті түймелерді
4-5 инешаншыммен, төрт тесікті түймелерді 3-4 инешаншыммен
тігеді, бұл ретте мата қалыңдығына қарай биіктігі 0,1...0,2 тіктеме
жасалады. Тіктемені 2-3 ораммен орап, жіптің ұшын 3-4
инешаншыммен байлайды. Мақта-мата және зығыр мата
бұйымдарында түймелерді тіктемесіз тігуге рұқсат етіледі.
Түйме берік болу үшін, оларды төсемемен тігеді, оны негізгі
материалдың ішкі жағынан немесе түйме астынан салады (қалың
мата бұйымдарында). Түймелерді қосарланып бүктелген № 40, 50
мақта-мата жіптермен немесе № 33, 65 және 75 жібек жіптермен
қолмен не арнайы машинамен тігеді.
1.39
-сурет. Пішінді бекітпелер
:
а, б
— сыртқы түрі;
в
— орындалуы
Достарыңызбен бөлісу: