Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет155/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

шынайы
немесе


көне
нұсқасын іздеуді жояды. Керісінше, біз мифті оның барлық нұсқалары
бойынша қарастырамыз. Басқаша айтқанда, миф қалай қабылданса, солай
қалады. Біздің түсіндіруіміз Эдип туралы мифті фрейдтік пайдалануды
есепке алуы мүмкін əрі сөзсіз соған пайдаланылады деген дерек осыған
айқын мысал болады. Фрейдтік мəселе автохтонды жаратылудың
бисексуалды көбеюге 
қарсы
мəселесі болуын тоқтатса да, əлі де екі
адамнан қалай дамуға болатынын, яғни біздің неге 
бір ғана
тегіміз
емес,
анамызбен қоса əкеміз, яғни 
екі 
ата-анамыз да бар деген нəрсені түсінудің
мəселесі болып қала береді. Сайып келгенде, Софокл ғана емес, Фрейдтің
өзі де Эдип туралы мифтің жазбаша нұсқасын көне нұсқалармен немесе
барынша «сенімді» нұсқалармен тең қарастыруы керек.
Осыдан маңызды бір қорытынды шығаруға болады. Егер миф өзінің
барлық нұсқаларынан тұратын болса, онда құрылымдық талдау оның бəрін
есепке алғаны мақұл. Фивалықтар жайлы мифтердің барлық белгілі
нұсқаларын талдай отырып, біз басқа нұсқаларға да дəл солай қарағанымыз
жөн; біріншіден, Агава, Пентеха мен Иокастың, Лабдакостың осыларға
ұқсас оқиғасы, Лайостың Амфион жəне Зетосқа қатысты фивандық
нұсқасы; Диониске (Эдиптің немере ағасы) қатысты бөлек нұсқалар;
Кекропс Кадмостың тағынан айырылуы жайлы афиналық аңыздар т.б.
Əрқайсысына ұқсас диаграммалар сызып, содан кейін оларды салыстырып,
қорытындыларға сəйкес қайта құру керек; Кекропс Кадмостың көрінісіне
параллель: əбжыланды өлтіреді; Дионисті тастап кету Эдипті тастап
кетумен ұқсас; аяғын сылтып басатын Дионистің «ісінген аяқтары»;
Еуропаны 
іздеу 
Антиопаны 
іздеумен 
ұқсас; 
спарталықтардың
фивалықтармен я болмаса ағайынды Амфион мен Зетостың күресі; Зевс
Еуропаны һəм Антиопаны, солармен қоса, Семеланы ұрлап кетеді;
фивалық Эдип пен аргиалық Персей т.б. Содан кейін біз 16-суреттегідей
үшөлшемді қатармен құрылған нұсқаларға сəйкес келетін бірнеше
екіөлшемді диаграммаларды аламыз. Сонда оны үш түрлі оқуға болады:
солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, алдан артқа немесе кері қарай.
Бұл диаграммалардың бəрі бір-біріне ұқсас болады деп күтудің қажеті жоқ.
Бірақ тəжірибе көрсеткендей, бақыланатын кез келген айырмашылық басқа
айырмашылықтармен сəйкес келеді. Барлығына логикалық тұрғыда қарау
бəрін жеңілдетіп, нəтижесінде мифтің құрылымдық заңы шығады.
Бұл көзқарас бойынша, біз тек белгілі нұсқалармен ғана жұмыс істей
алатындықтан, тапсырманы орындау мүмкін емес деп қарсылық білдіруге
болады. Жаңа нұсқаның көріністі өзгертіп жіберуі мүмкін емес пе? Бұл бір


не екі нұсқа болса ғана мүмкін болар еді. Бірақ көп нұсқалар тіркелген
кезде қарсылық теорияға айналады. Мұны салыстыру барысында
түсіндірейік. Егер бөлмедегі жиһаздардың орналасуын олардың қарама-
қарсы қабырғада орналасқан екі айнаға түскен бейнелері арқылы ғана
білетін болсақ, онда біз барлық көріністі беретін айнадағы сансыз
бейнелерден теориялық тұрғыда арылуымыз керек болады. Бірақ біз екі
айнаны аздап еңкейтіп қойсақ, онда айнадағы бейнелер саны азайып
қалады. Соған қарамастан, осындай бейнелердің төрт-бесеуі болса, біз
бөлмедегі жиһаздарды мейлінше толық сипаттап бере аламыз.
Екінші жағынан, барлық мүмкін болатын нұсқаларды түгел есепке алу
керек дегенге баса назар аударудың қажеті жоқ. Егер Эдип жинағы
жөніндегі Фрейдтің пікірлері Эдип туралы мифтің бір бөлігі болса, онда
зунидің пайда болуы туралы мифтің Кушиң (
Cushing
) нұсқасын сақтап қалу
немесе бас тарту сияқты мəселелер өзекті болмай қалады.
Жалпы мифология бойынша жасалған жұмыстардың нəтижелерінің
неліктен сəтсіз шыққанын енді түсінуге болатын сияқты. Ол екі себепке
байланысты. Біріншіден, салыстырмалы мифологиялар бəрін бір-ақ
пайдаланудың орнына, өзіне ыңғайлы нұсқаларды таңдап алды. Екіншіден,
бір
тайпаға (кей жағдайларда тіпті 
бір 
ауылға) тиесілі 
бір
мифтің бір
нұсқасының құрылымдық талдауы екі өзгерісті талап ететінін көрдік. Біз
бір мифтің бірнеше нұсқасын бір тайпа яки ауыл үшін қолдансақ, онда
санақ жүйесі үшөлшемді болады. Ал егер біз салыстыруды арттыруға
тырыссақ, қажетті өлшемдердің көлемі, интуитивті басқару мүлдем мүмкін
болмайтындай көрініп, артып кетеді. Салыстырмалы мифологияның
нəтижесі болып есептелетін ретсіздік пен қарабайырлықты көбінесе
көпөлшемді санақ жүйесін елемеумен немесе оны оп-оңай екіөлшемді я
болмаса үшөлшемді жүйемен алмастыра салумен түсіндіруге болады.


Расымен де, салыстырмалы мифологияның дамуы, көп жағдайда, басқаша
талданбайтын көпөлшемді байланыстарды символдармен белгілейтін
математиктердің көмегіне жүгінуге тығыз байланысты.
Бұл теорияны тексеру үшін
7
1952 жылдан 1954 жылға дейін Зунидің
жаратылуы мен пайда болуы туралы барлық белгілі мифтерді егжей-
тегжейлі талдауға талпыныстар жасалды: 
Кушиң, 
1883 жəне 1896 жылдар;
Стивенсон, 1904 жыл; Парсонс, 1923 жыл; Бунцель, 1932 жыл; Бенедикт,
1934 жыл. Сонымен қатар басқа батыс пен шығыс пуэбло тайпаларының
осыған ұқсас мифтерінің қорытындыларын салыстыруға да алдын ала
талпыныстар жасалды. Ақыр соңында, Дала мифологиясын (
Plains
mythology
)
 
тексеруге тоқталды. Барлық жағдайда теорияның былайша
айтылатыны анықталды: түсіндіру тек солтүстікамерикалық мифологияға
ғана қатысты емес, бұрынғы елеусіз, жүйелі жұмыстарға да, қазіргі уақытқа
дейін мүлдем бөлек контекспен белгілі болып келген бір мифке де қатысты.
Жұмыстың ең басында өңделуге тиіс материалдардың негізгі көлемі бəрін
егжей-тегжейлі тексеруге мүмкіндік бермейді, сондықтан біз мұнда
бірнеше мысалдармен шектелуге мəжбүрміз.
Зунидің пайда болуы туралы мифтің қысқаша сызбасы төмендегідей
болады:
ӨЗГЕРІС
ӨЛУ
Өсімдіктердің механикалық
құндылығы (төменгі
əлемнен шығу үшін
баспалдақ ретінде
пайдалану)
Ғашық.
Егіздердің
пайда болуы
Қанның араласуы
(судан пайда болу)
Құдайлардың адамзат
балаларын (суға
тұншықтырып) өлтіруі
Жабайы өсімдіктердің
тағамдық құндылығы
Екі Неуекуенің
(Newekwe)
басшылығымен
қоныс аудару
Шық адамдарымен (
People of
Dew
)
 
сиқырлы сайыс (мəдени
өсімдіктерге қарсы жабайы
өсімдіктерді жинау)
Ағасы мен
қарындасы
құрбандыққа
шалынады (жеңіске
жету үшін)
Мəдени өсімдіктердің
тағамдық құндылығы
Ағасы мен
қарындасын


босатады (жүгеріге
айырбастайды)
Ауылшаруашылық
жұмыстарының мерзімді
сипаттары
Соғыс құдайы Кианакуеге
(
Kwanakwe
) қарсы (бағбандар
аңшыларға қарсы)
Жабайы құстардың
(аңшылықтың) тағамдық
құндылығы
Екі Соғыс
Құдайы
бастаған соғыс
Соғыстың қайтымдылығы
Тайпалардың құтқарылуы
(Жердің кіндігі табылды)
Ағасы мен
қарындасы
құрбандыққа
шалынады (топан
судан құтылу үшін)
ӨЛІМ
ПАЙДА БОЛУ
Кестеде көрсетілгендей, мұндағы мəселе өлім мен өмірдің аралығын табу
болып тұр. Пуэбло үшін бұл өте күрделі; олар адамзат тіршілігінің пайда
болуын өсімдіктер тіршілігінің үлгісі (жерден өну) ретінде қарайды.
Олардың бұл сенімі көне гректердің сеніміне ұқсайды. Бірінші мысал
ретінде Эдип туралы мифті алуымыздың да себебі осы. Бірақ америкалық
үндістердің жағдайында өсімдіктер əлемінің жоғарғы формасы мерзімдік,
яғни өмір мен өлімнің кезектесіп келуінен тұратын сипатқа ие ауыл
шаруашылығында кездеседі. Егер мұны есепке алмасақ, қарама-қайшылық
басқа жерден туындайды: ауыл шаруашылығы тағаммен қамтамасыз етеді.
Демек бұл – өмір; бірақ аңшылықпен айналысып та тамақ табуға болады,
бірақ ол соғысқа ұқсайды, демек – өлім. Бұдан шығатын қорытынды: бұл
мəселені шешудің үш түрлі əдісі бар екен. Кушиң нұсқасында қиындық тез
арада нəтиже (жабайы өсімдіктерді жинау) беретін əрекеттер мен нəтижесі
кешігіп келетін əрекеттер арасындағы қарама-қайшылық айналасында
пайда болады. Ауыл шаруашылығы болу үшін өлім біріктірілген болу


керек. Парсонстың нұсқасы аңшылықтан егіншілікке ауысады. Ал
Стивенсонның нұсқасы оған мүлдем керісінше. Осы нұсқалар арасындағы
айырмалардың барлығы негізгі құрылымдармен өзара тығыз байланысқан
(корреляцияланған) болуы мүмкін екенін көрсетіп тұр.
Осылайша, үш нұсқа да зуни тайпасының ата-бабасының мифтік халық –
кианакуеге қарсы ұлы соғысын сипаттайды. Бұл нұсқалардың барлығында
(1) құдайлардың достығына немесе жауласуына; (2) бір тайпаға немесе
басқа тайпаға соңғы жеңісті беруге; (3) кейде аңшылар (садақтарының
адырнасы жануарлардың сіңірлерінен тартылған), кейде бағбандар
(адырналары 
өсімдіктердің 
талшықтарынан 
тартылған) 
ретінде
сипатталатын кианакуенің символдық қызметінің атрибуциясында көрініс
табатын маңызды варияциалар енгізіледі.
КУШИҢ
ПАРСОНС
СТИВЕНСОН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет