Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет154/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

қандас туыстықты
асыра бағалау 
(
overrating
) жалпы сипатталған. Екінші
бағана бір нəрсені теріс күйінде, яғни 
қандас туыстықты төмен
бағалауды 
көрсетеді. Үшінші баған өлтірілген құбыжықтарға қатысты. Ал
төртіншісіне бірнеше анықтама керек. Мұнда көбінесе Эдиптің өз тегінің
коннотациясы байқалады. Бірақ лингвистер мұны елемейді. Өйткені олар
үшін терминнің мағынасын анықтаудың жалғыз əдісі 

пайда болған
контекстердің 
барлығын 
зерттеу. 
Ал 
адамдардың 
есімі, 
солай
қолданғандықтан, қандай да бір контексі болмайды. Біз ұсынған əдістің
көмегіне сүйенсек, ешқандай қарама-қарсылық жоқ. Өйткені миф өз
контексін өзі береді. Мағынаны əр адамның есімінен іздеудің керегі
шамалы, тек барлық есімге ортақ сипатты тауып алсақ болғаны. Барлық
гипотезалық мағыналар (гипотезалық болып қала беруі мүмкін) 
тура
жүрген немесе тұрған кездегі қиындықтарға
байланысты.
Олай болса, оң жақтағы екі бағанның арасында қандай байланыс бар?
Үшінші баған құбыжықтарға қатысты. Айдаһар – адамзат жер бетінде
таралу үшін өлтірілуге тиіс хтониандық (
chthonian
)
 
жаратылыс. Сфинкс –
адамдардың тіршілік етуіне мүмкіндік бермейтін құбыжық. Соңғы бірлік
адамзаттың 
автохтонды шығуына
қатысы бар біріншісін шығарады. Бұл
құбыжықтарды адамдар жеңгендіктен, үшінші бағанның ортақ сипаты
адамзаттың автохтонды шығуын жоққа шығару
деп айтуға болады.
6
Бұл бізге төртінші бағанның мағынасын бірден түсінуге көмектеседі.
Мифологияда бұл 

жердің қойнауынан шыққан кезде жүре алмайтын
немесе ебедейсіз жүретін адамдарға тəн жалпылама сипат. Пуэбло


мифологиясындағы 
хтониандық 
жаратылыстың 
жағдайы 
мынадай:
жаратылудың басы Миуңуи (
Muyingwu
) жəне хтониандық Шумайколи
(
Shumaikoli
) ақсақ («қан аққан аяқ», «ауырған аяқ»). Хтониандық құбыжық
Цайкиш (
Tsiakish
) жұтып алғаннан кейін де тірі қалған Куакютл
 
(
Kwakiutl
)
мен Коскимо (
Koskimo
) екеуінің де жағдайы дəл осылай болды. Жер бетіне
оралғаннан кейін «олар ақсап немесе бір жағына қисайып жүрді». Төртінші
бағанға ортақ сипат 

адамзаттың автохтонды шығуының 
сақталып
қалуы. Осыдан шығатыны: бірінші баған екіншісіне қатысты болған
сияқты, төртінші баған үшінші бағанға қатысты. Байланыстың екі түрін
біріктірудің мүмкін болмауын «қарама-қарсы байланыстарда тұжырымдау.
Бұл кезеңде осының өзі жеткілікті.
Эдип туралы мифке қайта оралсақ, біз енді мұның не екенін анық көреміз.
Миф осы теория мен адамдардың ер мен əйелден таралуы туралы білім
арасындағы қанағаттандырарлық өткел табу адамзат автохтонды (мысалы,
Павсанийді 
қараңыз
: VIII, xxix, 4: өсімдіктер адамның 
үлгісі
бола алады)
деген пікірді қолдайтын мəдениет үшін мүмкін емес дейтін тұжырыммен
тікелей байланысты. Бұл мəселені шешудің мүмкін емес екені айдан анық.
Сондықтан Эдип туралы миф, бізді соңғы – адам біреуден туды ма, əлде
екеуден туды ма деген – екі мəселені байланыстыратын логикалық амалмен
қамтамасыз етеді. Осы түрдің өзара байланысы бойынша автохониядан
қашуға деген талпыныс онымен табысқа жетудің мүмкін еместігіне
байланысты болғандықтан, қандас туыстықты артық бағалау қандас
туыстықты төмен бағалаумен байланысты. Тəжірибе теорияға қарама-
қайшы болса да, əлеуметтік өмір құрылымдардың космологиялық
ұқсастығын растайды. Демек, космология 

ақиқат.
Осы тұста екі ескерту жасау керек.
Мифті түсіндіру үшін біз мамандарды қазірге дейін алаңдатып келген
мəселені, яғни Эдип туралы мифтің көне (Гомер) нұсқаларында жоқ, өзін-
өзі өлтірген Иокаста мен өз көзін өзі ағызып жіберген Эдип сияқты кейбір
негізгі элементтердің болмауын шетке ысырып қойдық. Бұл оқиғаларды
біріншісін өзін-өзі жою (үшінші баған), екіншісін мертігу (төртінші баған)
жағдайы деп оңай біріктіре салуға болғанымен, бұлар мифтің мəнін
өзгертпейді. Сонымен қатар мұндай толықтыруларда маңызды нəрсе бар.
Өйткені аяқтан басқа қарай ауысу, автохтонды шығудан өзін-өзі жоюға
ауысумен салыстырылуы керек.
Сөйтіп, біздің əдісіміз мифтік зерттеулерді дамытуда осы кезге дейінгі
негізгі кедергілердің бірі болған мəселені, дəлірек айтсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет