Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет153/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

үйлесім 
деп атайтын нəрсемізді түсінгеннен кейін,
оркестрдің партитуралары мағыналы болу үшін бір ось бойымен
диахронды, яғни бір беттен келесі бетке ауысып, солдан оңға қарай əрі
келесі ось бойымен синхронды оқылу керек екенін түсінеді. Тігінен
жазылған ноталардың барлығы – жалпы құраушы бірлік, демек бір
байланыс түйіні бар деген сөз.
Келесі салыстыру біраз өзгешелеу. Біздің ойын карталарымызды
білмейтін бақылаушы балгердің жанында ұзақ уақыт бойы отырды делік.
Сол кезде ол басқа елдің мифтерін зерттеу арқылы əртүрлі мəдениеттермен
таныс болатынымыз сияқты, балгерге келушілердің жынысын, жасын, түр-
сипатын, əлеуметтік жағдайын т.б. туралы біліп алар еді. Ол мифологияны
тыңдап, жазып алатынымыз сияқты, сеанстардың бəрін тыңдап, кейін
салыстыру үшін жазып отырады. Мен математиктерге де осындай
тапсырма беріп көрдім. Ұшқыр ойлы адамға жеткілікті материал берілсе,
ол пайдаланылған карта колодасын қалпына келтіре алады. Бұл жағдайда
елу екі не отыз екі карта бірдей бірліктерден, бірақ бір ғана өзгеретін
сипаттан тұратын төрт гомологикалық жиынтық болады.
Енді өзіміз ұсынған əдіске нақты мысал келтірейік; бұған бəрі жақсы
білетін Эдип туралы мифті пайдаланамыз. Эдип туралы миф бізге ең соңғы
үлгіде, діни немесе салттық сипатта емес, эстетикалық һəм адамгершілік
қағидаларымен байланысты əдеби түрлену арқылы жетті. Біз Эдип туралы
мифті оның əр сөзінің тікелей мағынасы арқылы талдамаймыз,
мамандардың сараптауына лайық түсіндіреміз. Біз ешқандай қорытынды
шығармай-ақ, дəл қазіргі жағдайда пайдалансақ, жоғарыда айтылған


қиындықтардың болуы себепті мүмкін болмайтын белгілі бір техниканы
суреттегіміз келеді. Сондықтан «көрсетуді» ғалымдардың осы терминге
қатысты түсінігі арқылы емес, белгілі бір нəтижеге қол жеткізуді мақсат
тұтпай, өзі сатып тұрған жұмсақ ойыншықтың қалай жұмыс істейтінін
сатып алушыларға түсіндіруге тырысқан көше саудагерінің түсінігіне сай
қабылдаған жөн.
Егер мифті еріксіз бір сызықты қатарлар деп есептейтін болсақ, онда оны
оркестрдің партитурасы сияқты қарастыру керек. Біздің міндетіміз – дұрыс
орналасуды қалпына келтіру. Мысалы, 1, 2, 4, 7, 8, 2, 3, 4, 6, 8, 1, 4, 5, 7, 8, 1,
2, 5, 7, 3, 4, 5, 6, 8… сияқты сандар тізбегі берілді делік. Бізге берілген
тапсырма осы сандар тізбегінен 1 деген сандарды бір қатарға, 2 деген
сандарды бір қатарға, 3 деген сандарды бір қатарға т.с.с. топтастыру керек.
Нəтижесінде төмендегі диаграмманы аламыз:
Біз жоғарыда айтылған қағидалармен үйлесім табатын бірлікті
анықтағанша, мифемаларды бірнеше рет жіктеу арқылы, Эдип туралы
мифті осылай талдауға тырысамыз. Бəрі дəлелді болу үшін келесі жіктеуді
пайдаланған 
дұрыс 
деп 
есептеп 
көрейік 
(бəлкім, 
мұны 
грек
мифологиясының мамандарының көмегімен бұдан да жақсырақ жасауға
қол жеткізер ме едік):
Кадмос Зевс ұрлап кеткен қарындасы
Еуропаны іздейді
Кадмос
айдаһарды
өлтіреді
Спарталықтар бір-
бірін өлтіреді
Лабдакос (Лайостың
əкесі) = 
ақсақ
(
?
)
Эдип əкесі Лайосты
өлтіреді
Лайос (Эдиптің əкесі)

солақай 
(
?
)
Эдип сфинксті
өлтіреді
Эдип = 
ісінген аяқ
(?)


Эдип анасы Иокастеге үйленеді
Этеокл бауыры
Полиниксті өлтіреді
Антигона қарсылыққа қарамастан,
бауыры Полиниксті жерлейді
Біз төрт бағанның əрқайсысына бір түйінге жататын бірнеше
байланыстарды топтастырамыз. Егер мифтің өзін 
айтатын
болсақ, онда
бағандарды елемей, қатарларды солдан оңға жəне жоғарыдан төмен қарай
оқып шығар едік. Ал егер мифті түсінгіміз келсе, онда диахронды
өзгерістің бір жартысын (жоғарыдан төмен) елемей, əрқайсысы бір бірлік
болатын бағанадағы қатарларды солдан оңға қарай оқып шығамыз.
Бір бағанадағы байланыстардың барлығы біз анықтауға тиіс бір ғана
ерекшелікті көрсетеді. Мысалы, бірінші қатардың сол жағында
топтастырылған барлық оқиғалардың қандас туыстықпен байланысы бар.
Сол себепті, олар бір-біріне жақын орналасуы керек. Ал бірінші бағанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет