texts
), өз кезегінде,
сценарийлердің тууы мен таралуына қаншалықты əсер етеді деген мəселені
жақсылап зерделеу керек. (
Қараңыз
:
Segre
26). Осы мақсатта мен екі
болжам (гипотеза) ұсынамын: нақты айтқанда, оның бірі диахронды,
екіншісі синхронды. Екеуін де постклассикалық нарратология үшін зерттеу
мақсаттарына қолдануға болады.
Əдеби мəтіндерді талдауға қажетті əлемдік білімнің сипаты мен ауқымы
уақыт өткен сайын өзгере береді. Мəтінде таңбаланған немесе тақырыпқа
арқау болған сценарий-əңгіме интерфейсі тəсілдері де өзгеріске ұшырайды.
Мұндай өзгерістер рецессивті, доминантты əрі жаңадан бой көтеретін
тəсілдер арасындағы байланыстардың өрбуіне сəйкес келеді.
Заманауи мəтіндер басыңқы (
prevailing
) сценарийлермен əртүрлі сипатта
байланыса алады. Мəтіндер шығарма жазылған кезде оған нəр беретін
сценарийлермен азды-көпті сыни һəм шартты түрде қабысуы мүмкін.
Нарратив үшін мұндай варианттар əңгімені категориялау үшін қолданылған
жалпы жіктеулерге сəйкес келеді.
Əдеби тарих мəтіндердің əрдайым кеңейіп отыратын корпусын тудырады.
Оның əртүрлі нұсқалары мəтіндік талдау кезінде қанша (жəне қандай)
сценарийлер іске қосылуы керек деген құбылмалы қағидаларды ашып
көрсетеді. Əдеби туындының формасы мен құрылымы терістеу немесе
алдыңғы мəтіндерге тіркелген сценарийлердің астары əрі нарратив туралы
идеяларды өзгерту үшін бірлескен жаңа сценарийлердің қосымша өзектілігі
десек те болады. Олай болса,
«Дон Кихот»
(1605) романы ескірген
сценарийлердің, яғни серілік (рыцарьлық) романстардың алдамшы əсерін
сықақтап, айыптаумен басталады. Əрекет желілеріндегі тізбекті көріністер
түсініктемесі таңғажайып жорықтар, серілік инабат пен т.б. əлемдік
білімдермен шектелген қасиеттерге қарағанда, адам əлеуеті мен шектеулері
түсінігіне
негізделген
сценарийлерді
талап
етеді.
Сервантестің
романтикалық баяны өзінің қиял əлемін жазушымен бірге құрастыратын
оқырмандардан бай жəне көптеген қисапсыз тəжірибелік репертуарларды
талап ете отырып, өзін романтикадан ерекшелеп алады.
Сценарий мен əңгімелердегі мұндай өзгерістер өзара байланысты:
жаңашыл баяндауға
деген қажеттілік əлемдік білімнің айқын түрлерінің
үстемдігінен келіп шығады. Шектеулі əсерлер бастапқыда сипаттау
тəсілдерінің көмегімен күшейтілді жəне жинақталды. Дидроның «Жак
Фаталист» (
Jacques the Fatalist
, 1773) туындысы жазылған уақытта романс
емес, роман ескірген сценарийлердің сақтаушысы һəм қайнар көзі ретінде
танылды. Дидроның мəтіні Ағартушылық дəуіріндегі шындық пен қиял,
білім мен миф талаптарын қайта ой елегінен өткізудің нəтижесі ретінде,
«мен роман жазып жатқан жоқпын» деп мəлімдейтін (51, 214) əрі əңгіме
шындыққа сай болу үшін ізгілік пен зұлымдықтың шайқасы сияқты
романтикалық рухпен көмкерілген əрекет желісіне бағынбауы керек дейтін
баяндаушыны кейіптейді (22, 30, 49). Дидроның антироманы осындай
таптаурын əрекет желілеріне қарсы тұрады. Əрдайым болжауға келмейтін
жағдайларды тіпті əңгіме əлеміндегі жайттар жайлы балама жазбалар
арасында бұлыңғыр баяндалған оқиғаларды алға шығарып, сценарийдің
көбеюі мен мазмұн жағынан баюына жол ашады (251–254). Француз
энциклопедистерінің
философиялық
мəселелерін
баяндап,
жекелей
алғанда, Ағартушылық дəуірі ойшылдарының детерминизм мен тілек
еркіндігіне қатысты пікірталастарын жариялай отырып,
«Жак Фаталист»
бір мезетте бірнеше бəсекелес талдау стратегияларын ширата түсуге
құрылған желілерді құрайды һəм адам мінез-құлқының детерминистік
модельдері жайлы ойларды жандандырады.
15
Кейіннен əдеби жетістіктер əлемдік модельдер, нарратив тəсілдері мен
осы тəрізді əрекеттердің басқа да себептері арасындағы байланыстарды
қайта түрлендірудің өзге де жолдарын көрсетті. Мəселен, Сартрдың
«Жиіркеніш» (
Достарыңызбен бөлісу: |