негізделген (мəселен, рақат өмірге жету жолындағы қиындықтар немесе
құбыжықтар тобына қарсы тұру). Бұл жанрдың негізгі функциясы –
оқырмандарға тек өздері ойлайтын əлемді ашып көрсету ғана емес, осы
əлемді тану үшін алдарына көптеген мақсат қоя білу. Мұнда бесаспап
сценарий күрделі нарратив тəжірибесін қолдайды деп ұйғарумен шектеліп
қалу жоқ. Сонымен қатар балалар əдебиеті, нарратив құзіретінің өзі тəуелді
сценарийлерін біріктіреді һəм күшейтеді. Мұндай ертегі тəлімдік
сценарийлерге жатады. Ол жастарды тəрбиелеп, ой-өрісін кеңейтеді.
17-желі Мод Гонн Макбрайдтың «Ханшайым қызметкері» (
A Servant of the
Queen
, 1938) атты автобиографиясынан алынған жəне Ирландиядағы
азаматтық соғысқа қатысты оқиғалардан сыр шертеді:
17. «Портобеллодағы генерал Малкахидің үйінің сыртында «Тұтқын əйелдерді қорғау лигасы»
(
«Women’s Prisoners’ Defence League»
) соғыс тұтқындарының өлтірілуіне қарсы үлкен шеру
ұйымдастырды. Олардың өліміне Малкахи жауапты еді. «Азат Ел» (
«The Free State»
) сарбаздары
үй сыртында тізіліп тұрды. Үстімізден бірнеше мəрте зуылдаған оқтар ысқырып өтті. Əйелдердің
бас киімдері шұрық тесік болды. Мен бұйрықты естігенім сол еді, алдыңғы саптағы сарбаздар
оқтаулы мылтықтарымен тізерлеп отыра қалды. Кейбір жас жауынгерлердің түрі боп-боз. Олар
қалтырап-дірілдеп кетті. Мен шарбақтың жақтауына шықтым да, офицерге жеккөрінішпен
мысқылдай қарадым. Оның көздері бір түрлі əдемі, аласы айқын ақшылкөк түсті болып көрінді.
Жұқалтаң қоңыр жүзіне қарап, қатты толқып тұрғанын байқадым. Біз бір-бірімізге бір минут
бойы көз айырмай қарап тұрдық. Атуға бұйрық берілген жоқ» (15).
Бір қызығы, 17-желіні 16-желіден ерекшелеп тұрған нəрсе –
Макбрайдтың сипаттау тəсілінің бай екені; 17-желіде тəуелсіз шынайы
тарих жəне географиямен қабысқан, оқиғасы қою сюжет өрбиді. Оның
сипатын біз Портобелло мен «Азат Ел» сарбаздары сияқты уақыт пен
кеңістік көрінісінен байқаймыз. Нəтижесінде, 17-желідегі əрекеттің
құрылымы сценариймен көп жұмыс жасап, тəжірибе жинақтау керегін алға
тартады. Əлемдік модельдердің алуан түрлерімен таныс болуды талап
етеді. Ал 16-желі əңгіме ретінде талдауға көне қоймайды. Алайда
Макбрайдтың мəтіні автобиография жанрына жататындықтан, 17-желінің
түсіндірмесі Винни Пухты талдауға қарағанда, үлкен деңгейді, əлемдік
модельдердің белгілі бір топтарының қолдауы мен бағасын, бірегейліктің
қалыптасуы мен қолдауын көрсететін сценарийлер мен құрылымды талап
етеді (
қараңыз
: Linde 127–91).
17
Макбрайдтың мəтіні тəжірибелік
репертуарларды жандандырумен ғана шектелмей, сонымен бірге оларды
түсіндіру аясы жайлы мəліметтерді оқырманға ұғындыруға тырысады.
Кейіпкердің басынан кешкен оқиғалар жайлы ойлануға мəжбүрлейді
(
Достарыңызбен бөлісу: