Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет193/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Herman, «Autobiography»
). Ерлерге тəн һəм нағыз ердің бойынан табылуға
тиіс ерлік істердің үлгісін ұсынумен қатар, оны тізгіндей отырып, əйелдер


актантын типтендіру үшін желідегі түсіндірме қолданылуы мүмкін мінез-
құлық репертуарын байытады (мəселен, қарулы сарбаздарға қасқайып
қарсы тұру). Мəтін осылайша «əйелдер кімдер?» жəне «олардың қолынан
не келеді?» деген сұрақтардың жауабын табуға қосымша модельдер жасау
үшін қолда бар сценарийлерді пайдаланады.
Джуна Барнстің «Түнгі орман» (
Nightwood
) атты тəжірибелік романының
соңғы бөлімінен алынған 18-желі (1937) тіпті анағұрлым көпөлшемді
талдау стратегияларын талап етеді:
18. «Тұла бойын діріл басқан ит артқа қарай секірді, аузындағы ащы заһар тілін қуырып бара
жатты. Тағы артқа, тағы да артқа қарғыды. Қыз кірген кезде алға жүріп, қыңсылай үрді. Ол басын
(Робин) қисайта бұрып, тыжырынып, ыңырси қыңсылады. Ит түкпірге қарай шегініп, бір
нəрседен секем алғандай, өзін осы азапқа салған нəрседен үріккендей, қос аяғымен тік көтеріліп,
жанталаса қабырғаны тырмалай бастады. Алдыңғы көтерген аяқтары қайта сырғып түсті.
Болмаған соң, басын тозаң ішіне тығып, іле бүйіріне соққылады. Жанұшыра үрді де, мазасын
алған бүрге ме, бірдеңені тістеп алды. Қайта ұмтылып, басын бұрып, шаңды бұрқырата қазды»
(170).
18-мысал 17-мысалға қарағанда анағұрлым сыни жəне рефлексивті
сипатқа ие сценарийлерден басым түседі; 18–17-мысалдар арасындағы
ерекшеліктер мəтіндердің нарративті формалары арқылы туған сценарий
кідірісінің ауқымымен я болмаса жиілігімен өлшенуі мүмкін. «Түнгі
орманда» тұтас əлемдік модельдер, оның ішінде жеке бірегейлік мəселесіне
қатысты жайттар көрініс тапқан. Үзінді адам мен жануардың мінез-құлқын
атомистикалық (көп бөлшектен тұратын) дене қимылының микрожелісі
ішінде тоғыстырып, таңғаларлық сипаттағы əрекет құрылымын өрбітеді.
Нарратив желісі сценарий құрылымының өзге қырлары арасындағы
көрініске жəне сөйлеу қағидаларының қолданысын (оқиға желілері
детальдардың қай деңгейінде сақталуы немесе баяндалуы керек?
Осындағы əрекет пен оқиға дегеніміз не?), əйелдердің, тіпті, керек болса,
адамның бірегейлігін ұғыну модельдерін (табиғат пен мəдениетке телінген
сценарийлер қандай деңгейде жеткізілуі мүмкін? Мұндай ауысымдар
бірегейлік туралы мəдени, сонымен қатар когнитивті стереотиптердің
пайда болуына қалай үлес қосады?) жəне мақсатты əрекет концепциясын
(неліктен біреу итке еліктеп, осы арқылы итті қорқытып жатыр? Қандай
əлемдік модельдер оқырмандарға мысалдағы оқиға желілерін ұғынуға
көмектесе алады?) жандандырады.
Бұл мақала болашақ нарратология үшін кіріспе болса да, нарратив
желілері мəселесіне қатысты классикалық көзқарастардың қайта ой
елегінен өткізілуі сценарий мен сюжет арасындағы байланысты


(интерфейсті) 
егжей-тегжейлі 
зерттеу 
керек 
екенін 
сипаттайды.
Постклассикалық нарратологияда структуралистік теория да оның «бір
саласы» ретінде өмір сүреді, бірақ нарратология ескірген көзқарасты басқа
ғылым аймақтарынан алынған зерттеу құралдарымен байытады. Сөйтіп,
нарративті талдаудың ескі мəселелеріне жаңа тəсілдер қолдану ғана емес,
сонымен бірге осы мəселелерді қайта талдау, оның ішінде əңгімені қалай
анықтау керек деген түбегейлі мəселені талқылайды. Мұнда мен
нарратологияға 
когнитивті 
құралдардың 
қосылуы 
нарратив
аналитиктерінің алдында тұрған өте өзекті бірқатар мəселелерге сəуле
түсіреді деген уəжімді айтамын. Сценарийлер мен əңгімелер кей жағдайда
бір-бірімен үйлесетінін ескеріп, мəселен, оқырмандар мен тыңдаушылар
нарративті қалай талдайды, шындығында, олар мұның бəрін сараптауға
қабілетті ме деген сұрақ нарративке телінетін əлемдік білімнің табиғаты
мен ауқымына тəуелді болмақ. Постклассикалық нарратология əңгімені
түсіндірушілер айқын мəтіндік ишарасы бар немесе жоқ білім түрлерін
жандандыруға қалай қабілетті деген мəселені зерттеуі тиіс. Сонымен бірге
ол нарративтер кейбір əлемдік модельдерді басқаларынан басым ету үшін
форма мен тақырыпты қалай үйлестіретінін де зерттеу керек. Түптің
түбінде, балалар əдебиетінің жібі түзу үлгілері бар жерде, адамдар Қазорр
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет