Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет350/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Кіші «а» объектісі
(objet petit a)
 
– Жак Лаканның баланың ана құшағында болған кездегі
нарцистік сезімін қайта қалпына келтіруге деген тілегін сипаттау үшін ойлап тапқан термині.
Мұндай тілек қашан да метаформалық сипатта болады (қиялдағы объектінің орнында – анасы
немесе «үлкен А», анасы француз тілінде – аutre). Оның үстіне баланың басқа қай тілегінің объектісі
де дəл анасының құшағында болуға деген ұмтылысына тең келе алмайды, сондықтан баланың тілегі
əрдайым қиялындағы бір-біріне ұқсас объектілерден құралған метонимия тəрізді тізбекпен келесі
метонимияға ауысып отырады (кеме «желкенге», бүтін бөлшекке айналғандай, «кіші а» (petit a)
объектісі де тек анаға (аutre) деген ұмтылыстың бір бөлшегі секілді ғана болады).
Қайта анықтау, қайта анықталған 
(overdetermination, overdetermined) – санадағы оқиғаның
қалайша бірнеше себебі болатынына қатысты Зигмунд Фрейдтің термині. Фрейд түстерді сараптау
кезінде түс көрудің сегменттері əртүрлі қайнар көздерде келтірілгенін байқаған. Бұл термин,
тұтастай алғанда, «бірнеше рет анықталған» деген мағынада пайдаланылады.
Қалдық 
(remainder, incalculability). Бұл терминді Жак Деррида алғаш рет 
«Глас»
еңбегінде (1974)
қолданды. Қалдық кез келген мəтіннің толық жəне тұтастай мағыналық есебінен тыс қалған
семантикалық сілтемелеріне қатысты. Өйткені мұндай есепке алынбай қалғандардың есепке
алынбау шегінде немесе шекарасында айырымы (дифференциация) жасалуы тиіс. Бұл – «қалдық»
құрылымдық, бірақ оны игеру мүмкін емес. Ол есептен тыс қалады.
Қиялдағы, шынайы, символдық 
(imaginary, real, symbolic). Психоаналитик Жак Лакан үшін эго
(тұлғалық «Мен») деген – елес. Ол өзінің шешімін бейсаналы түрде ұға алмайды. Дегенмен жат
күштер арқылы қалыптасқанына қарамастан, «эго» өзінің жеке жүріс-тұрысын бейне бір тікелей
бағыттап отырғандай көрінетін осы «даралық» деген иллюзияны қолдайды. Лакан үшін мұндай
иллюзия – «қиял». Өйткені баршамыздың ішіміздегі «Менге» толықтай кірігіп кеткен иемденудің
алдамшы иллюзиясының күштілігі сонша – өмірімізді қалыптастырып, қалауларымызды басқаратын
бейсана күштердің «шынайы», терең «құдығына» жанаса алмаймыз. Содан бері «қиял» термині кез
келген сандырақ секілді мəдени жүйені атау үшін жалпылық сипат алды. Мысалы, «ұлттық
мемлекет қиялы» сияқты. Лаканның сөздік қорындағы келесі бір негізгі термин – біздің
даралығымызды құрайтын жəне өмірдегі рөлімізді анықтап беретін əлеуметтік-мəдени саланың
белгілеріне қатысты «символдық» термині. Ер бала анасына қатысты қалауын əкесінің
кастрациясынан қорқып, анасымен сезінген одақты құрбандыққа шалуды үйреніп, бейсана ерік-
күшін тұншықтырып, оны белгімен алмастырған кезде (əрдайым діттелген нысанның жоқтығын
көрсететін белгіге айналады) символдық тəртіп алаңына кіреді. Оның өмірі енді осы одаққа қол
жеткізуде ешқандай табысқа жетпеумен, белгіден белгіге дейін метонимия жəне метафора
айналасында өткен сағынышты мұңмен, яғни белгіден шынайы объектіге ешқашан өтпеумен,
jouissance 
немесе шат-шадыман күйде анасымен қауышуға ұласуымен айқындалады (əйелдер
тəжірибесіне қатысты мұндай салыстыру моделін Лакан жасап шыққан жоқ). Фрейд пен Лаканның
айтуларынша, символдық үлгі, сонымен қатар, бəріміз айналысып жүрген психикалық
тұншықтырудың да моделі. Əлеуметтік əлемде қалыпты ережелерге байланған жүріс-тұрыс
тəртібімен өмір сүру үшін біз лəззат алуға деген түйсігімізді жəне зорлық-зомбылыққа деген
ниетімізді тұншықтыруға көніп, орындауға тиіспіз. Мұндай тұншықтыру, Лаканның ойынша,
символдық, өйткені белгі немесе символ белгіленген нысанның жоқ екенін білдіреді. Белгі дегеніміз
– сана мен бейсана (психикамыздағы тұншықтырылған элементтер орналасқан орын) арасындағы
айырмашылықты көрсететін модель. Сонымен қатар, бұл – тұншықтыруды жүзеге асыратын
механизм. Өйткені өмірімізде белгілер мен символдарға назарымызды бағыттап өтеміз. Олар біздің
қалауымызды, үрейімізді, сағынышты мұңымызды шағылыстырып көрсететін айна іспеттес. Нақты
бір көлікті меншіктеу əрекетінің өзі біз саналы түрде қол жеткізе алмайтын, сол үшін
тұншықтырылған элементтермен сипатталатын эмоциялық күйдің символына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет