Синтагма, синтагматикалық (syntagm, syntagmatic) – cинтагма тілдің сызықтық немесе
уақыттық өлшеміне қатысты термин. Синтагма – синтаксистік жүйемен құрастырылған сөз
таптарының қатары, ал синтагматикалық сөздердің синтаксис ережелеріне сəйкес қиысуына
байланысты.
Синхрондылық, синхронды (synchrony, synchronic) – лингвистикадағы тілдің кеңістіктік өлшемі.
Кез келген мезетте тұтас тіл нақты сөйлеу барысында көрініс табады. Бұл термин диахронды cөйлеу
жағдайында кез келген функцияны атқара алатын мүмкіндіктер диапазонына да қатысты.
Спектакль (ойын-сауық) қоғамы (society of the spectacle) – Ги Дебордың тоғышар тұтынушы
образында көретін, қоғамның шынайы тұншықтырушы сипатын таңғалыс сезімін туғызу арқылы
көлегейлейтін заманауи капиталистік қоғам бейнесі үшін қолданған термині.
Спектр, спектрология (specters, spectrology). Жак Деррида өзге міндетті түрде өздігінен
дараланған немесе дəл сондай болуы тиіс дегенді білдіретін əдісті атау үшін енгізді. Өткен шақ
қазіргі шаққа орнығады немесе ізіне түседі, ал қазіргі шақ болашаққа бағдар сілтейді. Өзге
коммуникативтіден бастап, психологиялыққа дейінгі əртүрлі тəсілдермен орнығып алады. Ал
феминистер гендердің материалдық тұрақсыздығын зерттеу үшін «спектрология» терминін ойлап
тапты.
Структурализм (structuralism) – швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдің идеяларына
негізделген критицизм мектебі. Құрылымдық лингвистика сөздердің сөз таптары ретінде қызмет
етуіне мүмкіндік жасайтын тіл бөліктері арасындағы қарым-қатынасқа ден қойды. Құрылымдық-
əдеби сыншылар əдебиетті де тіл тəрізді бөлшектер арасындағы қарым-қатынас арқылы əрекет
ететін жүйе ретінде қарастыруды жөн көрді. Мəселен, нарративті көркем шығарманың диахронды
немесе уақыттық жəне синхронды немесе кеңістіктік өзегі бар. Баяндаудың əр сəті мүмкіндіктердің
біреуін таңдаудан тұрады (бұл таңдауды, былайша айтқанда, парадигмалар жиынтығы деуге немесе
ықтимал əрекеттер арасындағы нұсқалар тобы деуге де болады).
Субалтерн (subaltern) – үндітанушы ғалымдардың сол елдегі бағынышты халықтардың төменгі
касталары мен əлеуметтік тап мүшелерінің сипаттамасын жасау үшін ойлап тапқан термині.