Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет365/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
Феноменология 
(phenomenology)
 
– білімнің түп негізі туралы болжамдарға немесе сыртқы
дүниеге сүйенбей-ақ, санадағы объектілер жайлы танымға қол жеткізуге тырысатын философия.
Феноменология Германияда, Э.Гуссерльдің еңбектерінен бастау алды. Франция мен Швейцарияда ол
Морис Мерло-Понтидің жəне Жорж Пуленің еңбектерінде қоршаған ортадан қалай тəжірибе
жинайтынымызды зерттейтін сана философиясы ретінде көрініс берді. Оны Альфонсо Лингис
сияқты философтар жалғастыруда.
Фенотип 
(phenotype) – гендердің айқындалуының қосындысы мен қоршаған орта əсерінің
нəтижесінде ағзаның қабылдайтын формасы. Ағзаның генотипінен немесе тұқым қуалайтын
генетикалық құрамынан өзгеше болады.
Ферал
(feral) – қолға үйретілген жəне жабайы түрлердің арасындағы аралық жағдайға арналған
биоаймақтық критицизм термині.
Фетиш 
(fetish). Фрейдтің теориясы бойынша, құмарлықтың бір нəрседен беті қайтатын болса,
басқасына ауысуы мүмкін. Сексуалды құмарлығын қанағаттандыру ниеті негізгі құмарлық
объектісінен фетиштің орнын алмастырушыға айналатын көрші нысанға көшеді.
Фордизм 
(fordism). Жаһандану дəуіріне дейін капитализм ұлттық деңгейдегі ірі өндірістік
өнеркəсіптің айналасында Генри Форд ойлап тапқан «жинақтау конвейері» сияқты жинақтау
əдістерін жəне кəсіби біліксіз жұмысшылардың шоғырын пайдалану арқылы ұйымдастырылды.
Формализм 
(formalism) – поэзиядағы метафора мен көркем əдебиеттегі нарративтің техникалық
аспектілерін зерттеу.
Форт/Да 
(fort/da). Зигмунд Фрейд жіптің ұшына байланатын затпен ойнап жатқан балаларды
бақылады. Бала затты алысқа қарай лақтырып, «Форт!» («Кет!») деп айқайлайды да, оны қайтадан
«Да!» немесе «Қайт!» деп өзіне тартып алады. Фрейд бала анасы жоқ кезде мұңнан арылу үшін осы


ойынды ойнады деп топшылады.
Функция 
(function). Нарратив теориясында функция «қаһарманның үйден кетуі» сияқты
баяндауға тəн қайталанып отыратын оқиғаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Владимир Пропп
«Ертегі морфологиясы»
еңбегінде қолданған.
Хронотоп 
(chronotope) – Mихаил Бахтиннің роман дискурсында роман əлемінің кеңістік пен уақыт
өлшемдері қандай жолмен берілгенін білдіретін термині. 
Хронос
– гректердің уақыт үшін
пайдаланатын сөзі, ал 
топос
грекше орынды немесе кеңістіктегі орналасуды білдіреді.
Һабитус 
(habitus). Пьер Бурдье бұл сөзді қоғамның материалдық жағдайы туындататын күнделікті
өмір тəжірибесін сипаттау үшін ойлап тапты. Бастапқыда Бурдье аспаздық пен тоқыма өнері немесе
қоғамның бұлыңғыр иерархияларын жəне ондағы еңбек бөлінісін сипаттайтын тұрмыстық
тіршіліктің басқа салаларын зерттеді. Бұл тəжірибелер осы иерархиялар мен бөліністің əлем
текстурасының бөлігі ретінде қалыпты болып көрінуіне əсер етті. Бұл, өз кезегінде, осы иерархиялар
мен бөліктерді қайта құруға көмектесті. Кейінірек, Бурдье дəл сол үлгіні өзі таптық бөлініс пен
таптық мəдени иерархияларды тудырушы деп санаған білім саласына да қолданған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет