25
сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің
ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.
Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады.
Әрине, жағымды сезімінің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана
қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты
әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан,
әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.
3-
7 апта аралығында, яғни 5 апта шамасында балада «жандану комплексі» ерекше
әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады.
Жандану комплексі
–
баланың өзіне қарап
еңкейген адамға көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап,
жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл
көріністер – баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Осы сапа баланың психикалық
дамуының ең бірінші белгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: