28
түседі. Сонымен
алғашқы табысқа жеткен соң, бала өз денесін ұстай білгенге мәз
боладыда, енді осы іс-әрекетін қайталап, өзін -өзі ұстау мерзімін көбейтіп, кедергілрден
сүрінбей өтуге тырысады. Оның үстіне, еңбектеуді қойғаннан кейін, жүру қозғалудың,
өзі қажет еткен затқа жақындаудың негізі құралына айналады.
Жүруге жаттығу арқылы үлкен орнықтылыққа қол жетеді. Баланың құлауы азайып,
көздеген жеріне қарай неғұрлым сенімді түрде
аяқ басатын болады, алайда
қозғалыстың өзі әлі де ұзақ уақыт бір қалыпқа келмейді.
Бала біртіндеп еркін
қозғалатын болады. Жас жарымдағы бала қимыл үстінде жаттығады. Жәй жүгіріс және
қарапайым жүріс енді оны қанағаттандырмайды. Балалар өз жүрісін өзі әдейі
қиындатады: әр түрлі ұсақ нәрселерді баса- көктей жүреді, арқасын беріп жүреді,
айналып дөңгеленеді, көзін жұмып алып жүреді. Әрине, аяғынан басып тік жүруге
қабілеттіліктің арқаасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым
еркін және өздігінен
байланыс жасайтын кезеңге өтеді. Жүріп үйрену оның кеңістікте дұрыс бағдарлауын
дамытад. Бұлшық еттерінің сезімталдығы заттың
тұрған жерінің қашықтығын
есептеудің өлшеміне айналады.
Демек жүру баланың тәуелсіздігін арттыра отырып,
сонымен бірге заттармен ,
оның қасиеттерімен танысуын ұлғайтады, онымен іс-әрекет жасауға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: