Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет30/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

 
Жеке басының дамуы
. Кеңестік (советтік) балалар психологиясы мектепке 
дейінгі шақтың өзінде –ақ баланың жеке басы нақты қалыптаса бастайды деген 
қағиданы ұсынады. яғни, -қоршаған дүниені бірітіндеп біліп, өзінің алатын орнын 
түсіне бастауы. Осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады. 
-
сезім-еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың 
тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз 
етеді. 
Ал, мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік ортамен және ең алдымен баланың 
үлкендермен дамудың осы сатысына тән қарым-қатынастарын іске асырумен 
анықталады.
Сәбилік балалық шақта балада үлкеннің ролі мен оның ықпалын түсіну, өзін-өзі 
түсіну деген болмайды. Нақтылы жағдайда сәби үлкендермен нақтылы бірлескен іс-
әрекетке кіріседі. Бұл жағдайда үлкен адам- басты буын, ал бала тікелей әрекет жасай 
отырып, үлкеннің адан талап еткенін не орныдайды,не орындамайды. Бұл жерде тіл алу 
не алмау «орындау керек немесе орындамау керек» деп ойланып жату, мотивтер 
тартысы деген проблема кезеспейді. Бала ықтиярсыз іс-әрекет жасайды. 
Мектепке дейінгі шақтың ең басында-ақ бала мен үлкеннің арасындв мүлдем жаңа 
өзара қарым-қатынастар пайда болады. Бала өзін үлкендерден бөле бастайды. Өз 
тілегін аңартып: «
Мен қалаймын
»,- 
дейді. «
Мынау мен
»- 
деп өзінің фотосреттін 
көрсетеді. Үлкеннен бөлініп, өзін қайсыбір дербес адам ретінде жіктей отырып, балаөз 
іс-әрекеті мен үлкеннің қызметінің түрліше екенін айыра бастайды. Бала үлкеннен 
қашықтағандай болып, оны еліктеу үлгісі ретінде бөліп алады да, «үлкендердей» іс-
әрекет жасауға тырысады. Өз мінез-құлқын үлкеннің үлгісі бойынша бағдарлау 
қылықтардың еріктілігін қалыптастырады, өйткені бұл жерде ең кемінде екі тілек не 
болса да тікелей әрекет ету және үлкеннің талабына сай үлгі бойынша әрекет ету – 
үнемі қақтығысып қалып отырады. Мінез-құлық нормаларын игеру қоғамдық 
нормаларға сай іс-әрекеттерге жетелейді. 


36 
Кеңестік психология адамның жеке басының шын мәнісіндегі қалыптасуын 
мектепке дейінгі шақта пайда болып, дами бастайтын мотивтердің қатар бағынуымен 
байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті ауыспалы, бір –бірін күшейтіп 
немесе өзара қайшылықта болып бір –бірімен байланыспайтын жекеленген 
мотивтермен емес, негізгі әрі тұрақты түткілер біртіндеп жетекші мән алып, шағын 
ситуациялық түрткілерді өздеріне бағындыратын олардың сатылы жүйесімен қозғалу 
салына бастайды.Мотивтердің қатар бағынуы эффективті жағымсыз қатынасты саналы 
жеңіп, эмоциялық тартымды мақсат жолында ерік күшін жұмсай білумен байланысты. 
Мектепке дейінгі шақ бойында көптеген жаңа мотивтер пайда болады. Мотивтер 
ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т.б. көрінуі мүмкін. 
Тәрбиенің нақтылы жағдайларына қараай атақ құмарыл мотиві, қоғамдық маңыздылық 
мотиві немесе іс-әрекеттің мазмұнына қызығу мотві жетекші мотив болуы мүмкін. 
Балалар неғұрлым есейген сайын, олар соғұрлым өздерінің қайсыбір қылықтары 
айналадағылардың көз алдында қандай маңызға ие болатынына қарай бағдар ала 
бастайды. 
Мектеп жасына дейінгі баланың адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі жаңа орны 
оған үлкен дербестік береді. Ересек адамнан бөліне отырып, бала өз құрбыларымен 
белсенді өзара қарым-қатынас жасауға кіріседі.Бұл өзара қарым-қатынастар ойын 
үстінде жүзеге асады. Бала өзіне роль алады да белгілі бір әрекеттерді орындауға, 
мінез-құлықтың белгілі ережелеріне бағынуға міндетті болады. Бұл әрекеттер ол үшін 
тартымсыз болуы және екінші жағдайда мүлдем орындалмай немесе аса үлкен 
қиындықпен орындалуы мүмкін. Баланың ерік –жігерін қалыптастырудағы ойынның 
маңызы мынады: ойын үстінде ол осы роль бойынша орындауға тиісті қоғамдық және 
адамгершілік міндеттерге сәйкес әркет жасауға үйренеді. 
Кейінірек балалар құрбыларының ғана емес,сонымен қоа өз қылықтарын да бағалай 
алатын болады. Осылайша өзін өзі бағалау дамиды. Өзін- өзі бағалау қабілеті балаға өз 
айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға бағдар береді. Сонымен бірге өзін -өзі 
бағалау баланың саналы іс-әркетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі. Балалар 
ересектермен тек өздерінің сыртқы іс-әрекеттеріне байланысты емес, сонымен қоса 
ішкі күйі мен тебіреністеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. «
Мен 
қуанып
тұрмын»,»мен ұялып тұрмын
» дей бастайды. Ол қандай тебіреністерді 
басынан кешіріп тұрғанын түсінеді. 
Өзін -өзі бағалау мен өзіндік сананы
дамыту – метепке дейінгі шақтың негізігі жаңа 
құрылымдарының бірі. Өзіндік сана индивидті өзіндік ерекшелігі бар жеке адамға 
айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет