Постреквизиттар: Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру. Пәннің мақсаттары мен міндеттері Курстың мақсаты



бет1/12
Дата24.09.2024
өлшемі416,12 Kb.
#145366
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
тьюторлық ДОВ (1)








1 Пән сипаттамасы


Пререквизиттар: балалар психологиясы, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің шеберлігі, педагогика тарихы, мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар.
Постреквизиттар: Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Курстың мақсаты:
студенттердің білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесу практикасында тьюторлық педагогикалық ұстанымды қосуды талап ететін жағдайларды, сондай-ақ тьюторлық сүйемелдеудің қолданылу шектері, оның тақырыбы, мақсаттары мен міндеттері, теориялық іс-әрекетке даярлықтың қажетті көлемі және бастауыш білім беру жүйесіндегі педагог біліктілігіне қойылатын талаптар туралы білімді ажыратуға, тәжірибелік дағдыларын, дайындығын дамыту.
Курстың міндеттері:
1) тьюторлық іс-әрекетті болжаудың, жобалаудың және модельдеудің негізгі тәсілдерін меңгеруді қамтамасыз ету;
2) білім беру практикасында іске асыру үшін тьюторлық сүйемелдеудің қандай да бір моделін таңдау туралы шешім қабылдауда алынған білімді пайдалану білігін пысықтау;
3) білім беру және тьюторлық іс-әрекетті талдау тәсілдерін меңгеруді қамтамасыз ету;
4) болашақ педагогтердің тьюторлық сүйемелдеуді үйретуге және педагогикалық қызметте шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылуға ықпал ету.
5) Инклюзивті білім беруде балаларды тьюторлық сүйемелдеудің тәжірибелік дағдыларын меңгерту.


Оқу нәтижелері:
- психологиялық-педагогикалық бағыттағы тьюторлық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі мәселелері;
Тьюторлық іс-әрекетпен білім беру мекемесі субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру негіздері;
- тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетінде тьюторлық сүйемелдеу технологиялары;
- тьюторлық іс-әрекеттің кәсіби жетілу көрсеткіштері;
- кәсіби стресстің сипаттамалары мен ерекшеліктері;
- тьюторлық іс-әрекеттің жетістігі мен кәсіби өзін-өзі дамыту технологиялары;
- өз қызметін рефлексиялау және кәсіби мансап стратегиясын табысты құруды үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет