О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет14/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Сабақтың әдісі:
кейстік технология. 
Сабақ типі: 
кабинеттік.
Көрнекті құралдар: 
Қазақстанның пайдалы қазбалары, гео-
ло гиялық, тектоникалық және физикалық карталары. Тау жыныс-
тары мен минералдар коллекциясы. 
Тәрбиенің түрі: 
эстетикалық-экологиялық тәрбие. Ғылыми 
және дене тәрбиесін қалыптастыру. 
Пән аралық байланысы:
ең алдымен, тарихпен тығыз 
байланысты. Тарихсыз елестету мүмкін емес, химия арқылы 
олардың құрамын, жаралу үдерістерін анықтау. Математика 
арқылы олардың жер астында қанша қоры бар екенін, оларды 
өндіру көлемін анықтау. 
Пән ішілік байланыс: 
геологиямен тығыз байланысты, кар-
тография, физикалық география, т.б. салалармен байланысты. 
Сабақтың барысы: 
Қазақстанның қазбаларының дүниежү-
зін де алатын орны жайлы баяндау. Қазақстанның жер қыртысында 
90-нан астам қазба байлық кездеседі. Республика аумағында пай-
далы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған. 
Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазба кен орны ашылған. 
Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. 
Осы үш топқа қандай пайдалы қазбалар мен кен орындары жата-
тынын олардың ерекшеліктерін атап өту қажет. Аталған пайдалы 
қазбаларды картадан кен орындарын көрсетіп отырамыз. 
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут). 
Сәлемдесу, жоқтарды белгілеу, назарын аудару. 
Сабақ жоспарын хабарлау. 
Үй жұмысын тексеру және әрекетін негіздеу. 
Проблемалық сұрақ. 
1. Біз Қазақстанның пайдалы қазбала-
рын тиімді пайдаланып жатырмыз ба?
Біз Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін әр қалай 
пайдаланудамыз. Біздің жерімізде Менделеевтің кестесіндегі 
бар лық элементтер кездеседі. Соның барлығын біз өндіріп жат-
қа нымыз жоқ. Тек өзімізде бар технологияға сәйкес пайдалы 
қазбаларды ғана өндіреміз. 
Оның өзін өндіргенде тек негізгі өнімін ғана алып, қалғанын 
тастаймыз. Соның нәтижесінде елдің кен өндіретін жерлерінде 
қалдықтар жиналып, табиғатқа өз әсерін тигізуде. Сөз соңында 


35
айтарым қазіргі таңда пайдалы қазбаларды өз дәрежесінде пай-
даланып жатқанымыз шамалы. Келешекте үнемді пайдаланамыз 
деген үміттеміз. 
2. Мына пайдалы қазбалардың қай жерде шығатынын анықтау 
үшін «Адастыру» ойынын қолданамыз. 
1
Мұнай-газ
Саяқ, Жезқазған, Қоңырат
2. Көмір
Қаратау, Жаңатас, Ақтөбе
3. Темір
Өзен, Теңіз, Құмкөл
4. Марганец
Жетіқара, Арқарлы, Ақсу
5. Мыс
Соколов-Сарыбай, Қашар
6. Алтын
Атасу, Жезді
7. Фосфорит
Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі
8. Полиметалл
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай
3. Сыныпты екі топқа бөліп «Оңтүстік өңірдің пайдалы 
қазбаларын өндірудің экологияға әсері» деген тақырыпта пікір-
сайыс ұйымдастырып, экологиялық тәрбиесін қалыптастыру. 
Әрбір топ өздеріне сәйкес атын, эмблемасын қояды. 
І топтың аты «Экология», екіншісі «Таза ауа» болып бөлінеді. 
І топ, негізінен, өндірістің зиянды жақтарын зардабын, таби-
ғатқа әсерін, халық өміріне зиянды жақтарын айтады. Ал ІІ топ 
кен өндіру кезінде қазіргі таңда табиғатқа зиян келтірмейтін 
құрылғылардың орналасқанын, қалдықсыз өнім шығаратын 
зауыттардың бар екенін айтады. Соған орай атқарылып жатқан 
іс-шаралар аз еместігін көрсетеді. 
4. Картаны қолдана отырып, әрбір жеке оқушыны шығарып, 
Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін картадан көрсете 
білу арқылы картамен жұмыс іскерлігін арттыру (дұрыс жауапқа 
3 балл). 
1. Оқушыны шығарып картадан Қазақстанның мұнай шыға-
ратын аймағын көрсету. 
2. Оқушыны шығарып, көмір өндіретін аймақтарды көрсете 
оты рып, олардың ерекшелігін атап өту. 
3. Оқушыны шығарып, картадан түсті металл өңдейтін аймақ-
тарды көрсету. 
4. Оқушы картаны қолдана отырып, Қазақстанның пайда-
лы қазбаларының орналасу ерекшеліктерін көрсетеді. Сабақ 


36
соңында оқушылардың сабаққа қатысуы және сұ рақ тарға жа уап 
беруіне байланысты бағалаймыз. Жалпы, са бақта Қазақ стан-
ның пайдалы қазбалары туралы жан-жақты қарас ты рып, нақты 
заңдылықтарымен түсіндіріп өттік. Сабақ барысында оқушы лар-
дың сабаққа деген қызығушылығы байқалып тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет