О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Кейстік технологияның әдістері



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Кейстік технологияның әдістері:
Кейстік (оқу-нақтылық ситуация) әдіс сабағының жоспары:
1. Студенттің ахуал мәтінімен жеке танысуы. 
2. Оқытушының кіріспе сөзі, кейс бойынша негізгі сұрақтар-
дың қойылуы. 
3. Студенттерді шағын топтарға бөледі (4 баладан). 


32
4. Студенттің шағын топтағы жұмысы, спикерді таңдау. 
5. Әрбір шағын топта «шешімді» жариялау, түрлі сұрақтар, 
пікірсайыс. 
6. Оқушының ситуацияны талдауы, тұжырымдамасы. 
Кейс келесі кезеңдерге бөлінеді:
1-кезең. Кейсті құрудағы мақсатты анықтау, мысалы, кәсіп-
орынның ішкі қатынастарын тиімді оқыту. Бұл үшін танымал 
кәсіпорынның кейісін жасауға болады. Студенттердің әртүрлі 
коммуникация түрлерін игеруге арналған сұрақтар мен тапсыр-
маларды әзірлеу. 
2-кезең. Нақты ситуациялық немесе фирманың сәйкес мақсат-
тарын идентификациялау. 
3-кезең. Кейс үшін ақпараттар көздерін іздеу бойынша алдын 
ала жұмыс жүргізу. Статистикалық мәліметтер, газет-журналдағы 
жарияланған мақалалар, басылымдар каталогы. Интернетті не гіз-
гі көздер бойынша іздестіруді пайдалануға болады. 
4-кезең. Кейс үшін әртүрлі көздерді пайдаланып, деректер 
мен ақпаратты жинау. 
5-кезең. Кейске алынған 7 вариантты ұғынуы дайын. Бұл ке-
зеңге макет дайындау, материалдарды үйлестіру, таныстыру түр-
лерін анықтау жатады. 
6-кезең. Егер ақпаратты белгілі бір фирманың деректері тура-
лы айтылса, кейсте жариялауға рұқсат алу керек. 
7-кезең. Іске асыру алдында эксперименттің бағасын алып 
және мүмкіндігінше кең ауданын тарта отырып, кейсті талқылау. 
Мұндай бағалау қорытындылау кезінде кейске қажетті өзгертулер 
мен толықтыруларды ендіру мүмкіндігіне ие болады. 
8-кезең. Кейсті пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар 
дайындау. Кейсті таныстыру және пікірсайыстарды жүргізуші 
үшін сұрақтар мен тапсырмаларды әзірлеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет