О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


салыстыру немесе  салғастыру



Pdf көрінісі
бет19/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

салыстыру
немесе 
салғастыру
әдісін кеңiнен қолдануға тура 
келедi. Алайда қандай әдісті қолдануға тура келсе де, мұғалiмнiң 
пайдаланатын әдiстерi мен тәсiлдерi алуан түрлi болуы мүмкiн. 
Мысалы, ауызша түрде бiлiм бергенде мұғалiм жай әңгiмелей, 
хрестоматиялардан үзiндi оқи, бүкiл сыныпқа сұрақ берсе, жауап 
ала, тиiстi қорытындылар шығара алады. Өзiнiң баяндағанын не-
месе әңгiмелегенiн оқушыларға көзбе-көз көрсету үшiн мұғалiм 
неше түрлi көрнекi құралдар, қабырғаға iлiнетiн картиналарды, 
диапозитивтердi, киноны, коллекцияларды, модельдердi, сынып 
тақтасына салынған суреттердi, чертеждарды, т.б. қолдана ала-
ды. Соңында бiз жұрттың бәрiне белгiлi фактіні – географияны 
географиялық картасыз оқытуға болмайтынын айтуға тиiстiмiз. 
Ал картамен ойдағыдай жұмыс iстеудiң барлық ерекшелiктерiн 
жақсы бiлуге тиiспiз. Географиядан сабақ беруде қолданылатын 
әдістер, әдiстер мен тәсiлдер туралы осы айтылғандардың бәрi-
нен мынау анық болды: бұл әдiстер мен тәсiлдердiң түрi өте көп 
және бiз олардың ең бастыларымен жақсы танысуымыз керек. 


43
Оқыту әдістерін, әдiстерi мен тәсiлдерiн таңдап алу 
Таңдап алудың ең бiрiншi және шешушi кезеңi, әрине, 
тақырып болып табылады. Бiрақ қандай болса да әдiстердi пай-
далану едәуiр дәрежеде басқа да жағдайларға байланысты бола-
ды. Әрбiр сынып үшiн көлемi әбден анықталған бағдарлама бар. 
Оны өтуге белгiлi уақыт бөлiнген. Бағдарламаны орындау үшiн 
«берiлген» уақытты үнемдеп жұмсау – оқытушылық жұмыста 
өте қажет шарт. Қандай да болса тақырыпты өтуге уақытты 
«керегiмiзше» жұмсауға құқымыз жоқ. Сондықтан оқыту әдiс-
терi мен тәсiлдерiн таңдау кезiнде мұғалiм, ең алдымен, берiл-
ген уақытта үлгеру қажеттiлігiн ескертедi. Әрбiр мұғалiм жақсы 
жолға қойылған сарамандық жұмыстарды орындай отырып, 
мүмкiн болғанша, көбiрек тақырыпты өтуге ұмтылады. Бiрақ 
бұл тақырыптарға берiлген уакыт жеткiлiксiз. Сондықтан мұға-
лiм асықпай мұқият ойластырғаннан кейiн ғана қай кезде сара-
мандық жұмыс қолдану маңыздырақ, ал қай кезде анағұрлым 
«оңай» тәсiлдермен қанағаттануға болатындығын шешедi. Мы-
салы, 5-сыныптың физикалық географиясының бағдарламасында 
«Картаға түсiру», «Ендiк пен бойлық», «Белдеулiк уақыт», т.б. 
тақырыптар бар. Мұндай тақырыптарды сарамандық сабақсыз 
түсiндiруге болмайды. Мұғалiмнiң нақ осындай тақырыптарды 
сарамандық жұмысты қолдана отырып өтуiне, ал «Желдiң 
әрекетi», «Судың әрекетi», т.б. сияқты тақырыптарды әлдеқайда 
жеңiл әдiстермен өтуiне тура келедi. Жұмыс жоспарын одан әрi 
анықтау кезiнде мұғалiм тағы да бiрнеше сағат артық уақытты 
экскурсиялар өткiзуге және зерттеу жұмыс элементтерiн қолда-
нуға бөле алады. Әдістерді таңдап алуда сыныптағы оқушылар 
санының үлкен маңызы бар. Сыныпта 20-30 оқушысы бар жер-
лерде сарамандық жұмысты оңай жолға қоюға болады. Ал 
сыныпта 40-45 оқушысы бар мектепте бұл қиынға соғады. 
Әдістерді таңдап алуда сыныптағы жабдықтың да едәуiр маңызы 
бар. Глобус пен картадан басқа ештеңе жоқ жерде тәжiрибелер 
мен практикалық жұмысты жолға қою қиын. Бiрақ көп жағдайда 
шешушi
болып табылатын тағы да бiр фактор бар. Бұл фактор – 
мұғалiм. Өз iсiн бiлетiн және ұнатқан мұғалiм бiздiң осы айтқан 
қиыншылықтарымыздың көпшiлiгiн жеңе алады. Тiптi, уақыттың 
аз болуының және сыныптың нашар жабдықталуының өзiнде де 


44
ол көптеген, тiптi, көп нәрсе iстей алады. Мiне, нақ осы арада жас 
мұғалiмге әдістеме көмекке келуге және оның мектепте ойда ғы-
дай жұмыс iстеуiне қажет құрал болуына тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет