45
ғылыми әдебиеттерден, очерктерден, саяхатшылардың күнделiк-
терiнен және көркем шығармалардан сабаққа қатысты қажеттi
материалдарды жинақтайды. Мысалы, мұғалiм сабақта ормандар
туралы әңгiмелемекшi. Оқушылар сабақты түсiнуi үшiн, олар ең
бастысы, орманда өсетiн өсiмдiктердi бiлуi керек. Оқулықта ол
өсiмдiктердiң атаулары жазылған. Оқушылар әрбiр ендiктердегi
орман өсiмдiктерiн салыстырып, мұғалiмнiң баяндауы бойынша
көз алдарына елестете алады.
Баяндау мен түсiндiру – бiр-бiрiмен өте тығыз байланыс-
ты әдiстер. Тақырыптық карта және әртүрлi оқулықтармен жұ-
мыс жасағанда оқушылармен сұхбат орнатамыз. Мысалы,
«Қазақстан ның әлеуметтiк-экономикалық географиясы» кур-
сында Қазақстанның өнеркәсiбi туралы төмендегiдей жоспармен
өтуге болады:
1. Қазақстан өнеркәсiбiнiң дамуы мен қалыптасуы.
2. Қазақстан өнеркәсiбiнiң салалары.
3. Көне және жаңа өнеркәсiп салалары.
4. Өнеркәсiп тораптарының орналасуы, т.б.
Лекция – жоғары сыныптарда қолданылатын әдiс.
Лекция
материалды бүтiндей түсiндiру мен суреттеуде қолданылады.
Лекцияда, ең бастысы, материалдың мазмұны мен мақсатын
түсiндiре бiлу. Орта мектептерде оқушылар лекция сабақтарында
мұғалiмнiң баяндағанын жазып отырады. Лекция жоспары ар-
қылы оқушылар материалдың мазмұнымен танысады. Мұғалiм
материалды ауызша түсiндiре отырып,
кездесетiн терминдердi
тақтаға жазса, оқушылар оны дәптерлерiне көшiрiп отырады.
Лекцияны бастамас бұрын сынып тақтасына, алдымен, жаңа
сабақтың тақырыбы, содан кейiн жоспары жазылады. Кей-
де мұғалiм оқушыларға үй тапсырмасын басқа әдебиеттерден
беруiне тура келедi. Оқушылардың есiнде қалуы үшiн мұғалiм
оны тақтаға жазады немесе ауызша айту арқылы дәптерге жаз-
дырады. География пәнi ғылыми терминдерге өте бай, оқушылар
пәнде өте көп жаңа сөздермен танысады. Оқушылар оларды қате
айтпауы үшiн, мұғалiм сөздердi үнемi
тақтаға жазып, дұрыс
оқылуын қадағалап отырады.
Сұхбат.
Сұхбат әдiсi арқылы мұғалiм оқушыларға сұрақ
қоя отырып, олардың бiлiмiн, iскерлiгiн тексередi және жаңа
46
бiлiмдерiн арттырады. Дидактикадан мәлiм, сұхбат әдiсi оқушы-
лардың бұрын өтiлген материалдарын естерiне түсiредi және
жаңа материалды жақсы меңгеруiне жәрдем бередi.
География-
да сұхбат өте керектi әдiс болып табылады. Сұхбат, әсiресе өлке-
тану, бақылау, оқулық және карталармен жұмыс жасағанда өте
қажеттi әдiстiң бiрi. Сұхбат әдiсiне ең қажеттi нәрсе – материал
мазмұнына сәйкес, сұрақтарды дұрыс құрастыра бiлу. Мақсатына
қарай сұхбат 3 түрге бөлiнедi: кiрiктiру, түсiндiру және жинақтап
қорыту.
Кiрiктiру сұхбаты – бұл оқушылардың естерiнен шыға
бастаған материалдарды қайтадан есiне түсiруде және жаңа ма-
териалды бастауға қолданылады. Мысалы, 7-сыныптың «Ма-
териктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнiнде
мұғалiм Африканың климатын түсiндiре отырып, «климат»
сөзiне анықтама беруiн сұрайды. Сонда оқушылар 6-сыныптағы
материалдарды естерiне түсiруiне тура келедi.
Мұғалiм климат
сөзiне анықтама ала отырып, өткен тараулармен жаңа сабақты
байланыстырады.
Түсiндiру сұхбаты – бұл сұхбат әдiсiнiң күрделi түрi. Мұнда
оқушыларға сұрақтар қойылғанда олардың карта, оқулық, т.б.
материалдармен жұмыс жасауларына тура келедi. Мысалы,
«Қазақстанның климаты» тақырыбында оқушылар климат-
ты
құраушы факторлары дегенде, Қазақстанның географиялық
орны, сағаттық белдеуi, климаттық белдеулер, т.б. карталармен
жұмыс
iстей отырып, түсiндiредi.
Қорыту әдiсi iрi тарауларды қайталап қорытындылауда қолда-
нылады.
Соңғы уақыттарда жоғары сыныптарда конференция сабақ-
тар өткiзiле бастады. Сұхбатқа қарағанда конференцияның ар-
тықшылығы – оқушылар дайындығына уақыттың көп жұмсалуы
және алдын ала дайындалатындығы. Көбiнесе оқушылар басты
тұлға болып, мұғалiм бағыт-бағдар ғана берiп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: