О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет27/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Оқулықты қолдану әдiсi. 
География оқулықтарын кешендiк 
әдiспен оқытуға да болады. Олар негiзгi бiлiм беру көзi ретiнде 
әрi сабақты басқа да оқыту түрiнде пайдалана бередi. 


58
Оқулықпен жұмыс iстеу ережелерi төмендегiдей:
– оқулықпен танысу (оның құрылымы және әдiстемелiк 
аппараты); белгiлi пәннен және басқа пәндерден дайындық 
жүргiзе отырып, тақырыпты қабылдау әдiсi; этаптық оқу әдiсi 
арқылы кiтаппен жұмыс iстей бiлу; оқулықтағы әртүрлi құрам 
бөлiктерiмен жұмысты үйрену әдiсi; әрбiреуiмен бөлек және 
үйлесiмдi жүргiзу. Мысалы: нақтылы мектеп курсын және белгiлi 
тақырыпты көрсету, оқулықпен қай курсты оқытсақ та жұмысты 
белгiлi бiр бағытта ұйымдастыру. 
5-сыныпта оқушылар бiрiншi рет география оқулығымен, 
яғни пәннiң арнаулы оқулығымен танысады. Сондықтан оқу-
шы ларға оқулықпен жұмыс iстеу ерекшелiгiн жете үйрету өте 
маңызды. Н.А. Максимовтың «Физикалық география туралы 
әдiс темелiк құралында» (5-сынып) 5-сынып оқушыларын геогра-
фия оқулығымен таныстыру, келесi бетiнде оқушылар оқулықты 
қалай пайдалану керектiгi жөнiнде нұсқау берiлген. Нұсқауда 
оқушыларды мынадай әдiспен оқытуға, үйретуге басты көңiл 
бөлiнедi:
– тақырыпты талдау, ондағы басты мәселенi көрсету;
– сұрақтармен және тапсырмалармен жұмыс iстей бiлу;
– қосалқы анықтауыш пен (атап айтқанда, географиялық 
түсiнiк және термин сөздiгiмен ) жұмыс;
– оқулықтың бiрнеше құрам бөлiктерiмен және оқулықтағы 
тақырыпқа байланысты атлас картамен жұмыс.
Оқушылардың тақырыпты түсiнуi төмендегi әдiстерге байла-
нысты:
– географиялық картамен мiндеттi түрде танысуы 5-сынып 
оқушылары үшiн өте маңызды. 
Ол үшiн, алдымен, оқушыларды түсiнiктемелiк оқу арқылы 
таныстырған дұрыс. Бұл әдiс-тақырып оқушылардың барлығына 
түсiнiктi болуын көздейдi. Олар осы тақырыпта айтылар ойды 
жете түсiнген болуы шарт. Егер кейбiр түсiнiксiз ұғымдар болса, 
онда термин сөздiктi қарап немесе оқытушыдан (сыныпта сабақ 
үстiнде) сұрауға болады. 
Осындай жұмыс түрлерiн пайдаланған кезде оқушылардың 
бастауыш мектептен бастап, қалаулы және түсiндiрмелiк оқуды 
өз бетiмен қолдана алатынын байқаған дұрыс. 


59
5-сыныпта оқушылар бiрiншi рет географиялық картаны жан-
жақты қолдана бастайтындықтан, әр уақытта да ешбiр тақырып 
географиялық картасыз оқытылмайтынын ескертiп отырған 
дұрыс (бұл орналасқан объектiмен байланысты) суреттер, фото-
ларды қолдану, сонымен қатар статистикалық материалдармен 
жұмыс iстеудi үйрету басты мақсат. 
Оқушылардың қабылдау ерекшелiгi, олардың көрнектi-бей-
нелi ойлау қабiлетi басым болуы оқулық материалдарын ойдағы-
дай меңгеруiне байланысты. 
Оқулықтың әртүрлi құрам бөлiктерiмен жұмыс iстеу индук-
тивтiктi пайда етедi және ол көбiне ереже, инструкция, жазылған 
жоспар бойынша ұсынылады. 
5-сыныпта география сабағында оқушылар термин сөздiк-
термен танысады. Бұл жұмыстың жауапты кезеңi. Сондықтан 
5-сынып
 
деңгейiндегi жұмыстың бұл түрi аса маңызды. Термин-
дер сөздiгiне аса көңiл бөлу керек, егер таныс емес, жаңа термин 
кездессе, сөздiктiң көмегiмен анықтап алуына болады. 
5-сынып оқушылары бастауыш физикалық география кур-
сын оқу үдерiсiнде география оқулығымен жұмыс iстеу ерек ше-
лiктерiмен қатар оның барлық құрам бөлiктерiн қолдану қажет-
тiлiгiн географиялық карталармен байланысты бiлiп шығады. 
6-сыныпта оқулықты пайдалану күрделiрек. Бұл берiлген 
курстың мазмұнына байланысты, тақырыптан тыс құрам бөлiктер, 
карталар, профильдер, климаттық диаграммалар көбейе бастай-
ды. 5-сыныпта география оқулығымен жұмыс iстеу тәжiрибесi 
6-сыныпта көп жәрдемiн тигiзедi. 
Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды оқулықтың ерекше-
лiк терiмен таныстыру, тапсырмалардың параграфқа дейiн және 
параграфтан кейiн өзара айырмашылықтары неде екенiн түсiн-
дiру қажет. Параграфқа дейiнгi тапсырма, оқушыларға бұрын-
нан белгiлi географиялық бiлiм немесе жұмысты орындауды 
еске түсiруге көмектеседi, келесi параграфтағы материалды 
ойда ғыдай үйренуге көмегiн тигiзедi. Параграфтағы тапсырма 
және иллюстрация оқушылар түсiнiгiне көп әсер етедi. 5-сы-
нып оқушыларына оқылатын материалдың айырмашылықтарын 
ұғындырады. 
Параграфтан кейiнгi берiлген тапсырма – қорытынды. Олар 


60
әртүрлi деректерге бағытталған, байланыс себептерiн көрсетедi. 
Көбiнесе, тапсырма орындалар кезде тәжiрибе жү зiнде толық ты-
рылады. Әсiресе карта туралы, суреттер, т.б. оқу лықта көрсе тiл-
ген көптеген иллюстрациялық материалдар оқу үде рi сiнде бас-
шылыққа алынады. Картасызбанұсқалар, керiсiнше, қо сым ша 
материалдар, оқулықтағы тақырыптар – хабар, жаңалық көзi. 
Берiлген материалды оқып, есте сақтап қалу үшiн, тақырып-
тың басты мәлiметiн тауып, астын сызып қою, тақырыптың құры-
лысын белгiлеу немесе жоспар құру өте қажеттi екенiн мұғалiм 
жете бiлгенi жөн. Бұл тәсiлдер 6-сынып оқушыларына физи калық 
географияның басты курсынан-ақ белгiлi. Ал тақы рыппен және 
тақырып картасымен жұмыс iстеу тәсiлi олар үшiн жаңалық. Кар-
та, бiрiншiден, жердiң географиялық қалпын қарастыруға қол да-
нылады. 6-сынып оқушылары оқу жылының соңында тақы рып-
тарды талдау (анализ), яғни мәтіндік керектi мәлiмет тi табу, к ерек тi 
бөлiгiн белгiлеу, жоспар құру, салыстыруды еркiн бiлуi керек. 
Бұл әдiс 6-сынып оқушыларының сурет салу қабiлетiн жетiл-
дiредi, мәтіндiк карталармен, статистикалық материалдармен жұ-
мыс iстеуге ықыласын күшейтедi. 
8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулы-
ғы мен жұмыс басталады. Айтылып өткен әдiстемелерде материк-
тер географиясы оқулығымен ортақ нәрселер баршылық. Осыған 
8-сынып оқушылары көңiл қойса, олардың оқулықпен жұмыс 
iстеулерi әлдеқайда жеңiлдейдi. Сондай-ақ 6 және 7-сыныптар-
да оқылған география курсы 8-сыныпта да жалғастырылады әрі 
берiлген курсты түсiнуге көмектеседi. 
Оқыту барысында оқулықтың басқа да құрам бөлiктерiмен – 
мәтінiк карталар, терминдер сөздiгi, суреттер және фотолар қоса 
қолданылады. Сол сияқты, физикалық-географиялық профиль де 
бiлiмнiң қайнар көзi ретiнде қосақтала жүредi. 
«Рельеф, геология құрылымы және пайдалы қазбалар» тақы-
рыбында оқушылар жаңа этапты өткенде бұрын өткен материал-
ды бекiтуге өздiгiнше талпыныс жасайды, геохронологиялық кес-
те жер бетiнiң ерекшелiгiн түсiндiру үшiн қолданылады. 
8-сыныптың физикалық география оқулығы 9-сыныптың 
эко номикалық географиясынан әлдеқайда өзгеше, бiрақ оқулық-
тардың оқыту әдiстемесi бiр-бiрiне ұқсас. 


61
9-сыныптың оқулығымен жұмыс iстегенде көп жағдайда, нұс-
қауға көңiл бөлген дұрыс. Берiлген оқулықта оның ерекшелiктерi 
мен жұмыс iстеу ережесi өте жақсы көрсетiлген. 9-сынып оқу-
лығымен жұмыс iстеуде маңызды бiр аспектiнi мiндеттi түрде 
ұмытпаған дұрыс. 
8-сыныптың физикалық география курсынан Қазақстанның 
экономикалық географиясына көшкенде 9-сынып курсының 
материалы оқушыларға қиын көрiнедi, онда арнайы терминдер 
жеткiлiктi, соған оқушыларды бiрте-бiрте үйрету, түсiндiру ке-
рек. Сондықтан оқулықтың маңызы зор, ол – ақпарат көзi. 
Оқушыларды экономикалық география оқулығымен шектеп 
қана қоймай басқа әдебиеттермен жұмыс iстеуге үйретiп, оқу-
шылардың сабаққа ынтасын арттырады. Оқушыларды эконо ми-
калық терең бiлiмге жетелейдi. 
Оқулықтың әдiстемелiк құралдары әртүрлi құрам бөлiктер-
мен толықтырылған (мұнда, көбiне, мәтіндік карталар, кестелер). 
Бекiту этапында – мәтіндік карталарды және сызбанұсқаларды 
көбiрек қолдану үлкен маңызға ие. 
Әрі қарай мәтінді талдау, карталарды, сызбанұсқаларды пай-
далану, экономикалық географияның мазмұны. Тақырыппен және 
сыз банұсқалармен жұмыс iстеу 9-сынып оқушыларының ойлау 
қабiле тiн дамытады. 
Экономикалық география оқулығымен жұмыс iстеу статис-
тикалық материалдармен жұмыс iстеу болып табылады. 
9-сынып оқушылары элемантарлы экономикалық есептi шы-
ғарып, берiлген кестенi талдау, жүйелей бiлу, оларды дәлелдеу 
жолдарын бiлгендерi жөн. Жұмыстың бұл түрi оқушыларды 
қызықтырады және сабаққа құлшынысын арттырады. 
10-сыныпта оқушылар «Дүниежүзiнiң экономикалық және 
әлеуметтiк географиясы» оқулығын оқиды. Оқулықтың сабақта 
қолданылуы 9-сыныптарға қарағанда оңайырақ болады, себебi 
10-сынып оқушыларының дайындықтары көбiрек, экономика-
географиялық бiлiмдi игеруге де, географиялық оқулықпен жұмыс 
iстеуге де дайындықтары жеткiлiктi. Дүниежүзiнiң экономика лық 
және әлеуметтiк географиясын оқу үшiн оқушыларға басқа бiр 
жұмыс әрекеттерiн пайдаланудың қажетi жоқ, бұрынғы сынып-
тарда меңгерiлген барлық әдiстердi iске асырады. Тақырыпты 


62
талдауға, статистикалық материалдарды және мәтіндік карталар-
ды, оқулықтағы әртүрлi құрам бөлiктердi қолдануға көңiл бөлу 
керек. 
География – оқушылардың бiлiмiн көтеруде ең бiр негiзгi 
оқулық. Оқушылардың бiлiм алу барысында басты көңiл аудара-
тын мәселе – олардың географияға қызығуын тудыра бiлу. Бұл 
мұғалiм шеберлiгiне байланысты. 
Сабақ – шығармашылық жұмыс, өйткенi сабақты түрлендiру 
арқылы мұғалiм оқушының өз бетiмен жұмыс iстеу дағдысын 
қалыптастырады. Осыны басшылыққа алып, оқушылар жаңа оқу 
материалдарын оқып-үйренген кезде, таным белсендiлiгiн артты-
ру арқылы сабақта бiлiм мен шеберлiктiң саналы түрде бөлiнуiне 
үлкен көңiл бөлу керек. 
Оқушылардың таным белсендiлiгiн арттырудың бiрден-бiр 
жолы – оқулықпен жұмыс. Бiлiм көзi – оқулықта. Оқулықпен 
жұмыс iстеудi дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың сабақ ба-
рысында және үйде кiтаппен жұмыс iстей бiлуiн, пәнге қызығуын, 
өздiгiнше iзденiп, бiлiмiн толықтыруын қамтамасыз етуге болады. 
Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да, материалды өз 
дәрежесiнде сапалы меңгерту мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiн, 
оқушылармен жұмыс iстеу тәсiлiнiң тиiмдiлiгiн қажет етедi. 
Оқулықпен жұмыс iстеу түрлерiн өзгерту арқылы оқушылардың 
белсендiлiгiн арттыруға болатыны күнделiктi iс-тәжiрибеден 
айқын байқалуда. 
Оқулықпен жұмыс iстеудiң түрi көп. Оның ең негiзгiсi – мәтiн-
мен жұмыс. Мәтін бойынша жұмыс бiрнеше жолмен iске асады:
1. Түсiндiрмелi оқу.
2. Iрiктеп оқу.
3. Жоспар жасау. 
4. Мәтін мазмұны бойынша кесте, сызбанұсқа, диаграмма жа-
сау, мәтін мазмұны бойынша салыстыру.
5. Мәтін iшiндегi ең негiзгiсiн табу.
6. Түсiнiгiн айту.
7. Түрлi-түстi суреттер бойынша жұмыс түрлерi, сызбанұсқа-
ларға талдау жасау.
8. Диаграммалармен жұмыс.
9. Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша жұмыс.


63
10. Тақырыптың мазмұнын оқып, меңгергеннен кейiн қайта-
лап сұрау не тапсырма беру.
11. Тақырыпты алдын ала сұрап не тапсырма беру арқылы 
оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.
12. Өткен тақырып пен жаңа тақырып мазмұнымен байланыс-
тыру мақсатында тапсырмалар беру не сұрау.
13. Оқулықтағы карталармен жұмыс.
14. Картаны талдап, дәптерiне сол картаны сызу.
15. Карта бойынша әңгiме құрастыру.
16. Сөздiк жұмысы.
17. Термин сөздердi дәптерге жазу.
18. Сөздiк сұрау.
19. Терминдердiң түсiндiрме анықтамасын беру.
20. Өтiлген тақырыпқа қорытынды жазу. 
Оқулықпен жұмыс iстеудiң бұл тәсiлдерi оқушылардың жас 
ерекшелiгiне, бiлiм деңгейiне және бұрыннан қалыптасқан оқу 
дағдылары мен оны iс жүзiнде қолдана бiлу шеберлiктерiне 
қарай өзгерiп отырады. Оқулықпен жұмыстың шартты түрде үш 
дәрежесiн алып қарауға болады:
1) танымдық;
2) талдауға негiзделген;
3) шығармашылық. 
1. Танымдық дәрежеге оқулықтағы маңызды нәрсенi бөлiп, 
мағынасына қарай топтастыру жатады:
1) жоспар жасау;
2) конспект жазу;
3) сызбанұсқа түсiру;
4) графиктер сызу;
5) диаграммалар жасау;
6) қорытындыларды тұжырымдау;
7) оқу-iзденiс;
8) оқу-сұрыптау әдiстерi тән. 
2. Талдауға алған ақпаратты бар ақпаратпен салыстыру және 
оқығанда сын көзбен бағалау кiредi. 
3. Шығармашылық дәрежеге материалды қайта құрастыру, 
өзiнiң ойларын ұсыну, оларды дәлелдеу және тексерудiң әртүрлi 
жолдарын табу шеберлiгi тән. 


64
Оқушы оқулықпен жұмыс iстеп, оқу-танымдық мiндеттердi 
шешедi. Теориялық ұғымды меңгеру оқулықтағы материалды 
дұрыс пайдалана бiлуге тiкелей байланысты. 
География оқулықтарының бiр ерекшелiгi – оқушылардың 
өздiгiнен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруға көп мүмкiндiк 
бередi. Себебi оқулықта тек теориялық материалдар ғана емес, 
оған қосымша көрнекi материалдар да (диаграмма, карта, су-
реттер, т.б.) жеткiлiктi. Әр тақырыптан кейiн берiлетiн сұрақтар 
мен тапсырмалар оқушылардың өздiгiнен жұмыс жүргiзуiне өте 
қолайлы. Оқулықты тиiмдi пайдалану үшiн алдын ала жоспар 
жасалады. Онда оқушылардың сабақ барысындағы және үйдегi 
iс-әрекетiн нақты басқарудың жобасы белгiленедi. Оқулықпен 
жұмыс барысында ненi оқыту, қандай сұрақтар беру, қандай тап-
сырмаларды орындату (жазбаша, ауызша, сыныпта, үйде) және 
осы жұмыстарды орындау барысында қандай қорытындыға келу 
қажет деген мәселелер қамтылады. 
Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның физикалық география-
сында» «Қазақстан климаты» бойынша климат түзушi фактор-
ларды өткенде, оқушылар тақырып соңында берiлген сұрақтарға 
жауап бередi, жауап кезiнде оқулықты және ондағы берiлген 
картаны пайдаланады. Сұрақтар талданған соң, оқушылармен 
бiрлесiп, жоспар жасаймыз. Мысалы:
1. Қазақстан климатының өзiндiк ерекшелiктерi. 
2. Қазақстан климатының түзiлуiне әсер ететiн факторлар. 
3. Күн сәулесі және оның түрлерi. 
4. Республика территориясына әсер ететiн негiзгi ауа массала-
рының типтерi. 
«Қазақстан өзендерiнiң жалпы ерекшелiктерi» тақырыбын 
өткенде материалдың мазмұнын меңгерту оқушылардың оқулық-
пен және географиялық картамен өздiгiмен жұмыс iстеуiне негiз-
деледi. 
Мұндағы мақсат – бұрын оқулықпен жұмыс жасауға машық-
тан ған оқушылардың iскерлiгiн, iзденуiн, картамен тақырып маз-
мұнын байланыстыру қабiлеттерiн шыңдай түсу. 
Сабақтың мақсатын оқушыларға түсiндiрiп, қандай мәселе-
лерге көңiл аудару керек екенiн талдап айтқаннан кейiн мына-
дай тапсырма берiлдi. Бұл тапсырма «Қазақстанның физикалық 


65
географиясында» «Қазақстан өзендерiнiң жалпы ерекшелiктерi» 
тақырыбы бұрын өтiлгендiктен, оқушылардың өз бетiмен жұмыс 
iстеуiне онша қиындық келтiрмейдi. 
1. Оқулықтағы картаны пайдаланып, Қазақстан өзендерiнiң 
қандай алаптарға жататынын анықтаңдар. 
2. Картадан iрi өзендердi тап. 
3. Жер бедерi сипатының өзендердiң ағу бағытына әсерi қандай. 
Бұларға жауап беру үшiн оқушылар мәтіндi оқып, 
географиялық атлас бойынша өздiгiнен жұмыс iстеп, оқулық 
мазмұнын картамен байланыстырып, ой қорытады. 
Оқулықпен жұмысты тек жаңа сабақ барысында ғана емес, 
өткендi сұрау, үйге тапсырма беру кезiнде де жүйелi ұйымдас-
тыруға болады. Оқулықпен жұмыс iстеуге үйрету оқу материа-
лын меңгерумен қатар оқушылардың ақыл-ойы дамуын, ғылымға 
қызығуын, танымдық дербестігін қалыптастырады, сабаққа 
белсендiлiгiн арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет