143
Үйiрме ұйымдастырудың осы екi жолының қайсысын ұстан-
саңыз да естен шығармайтын бiр нәрсе: оқушылардың үйiрме
жұмысына қатынасуы тек қана ерiктi түрде болуы керек, үйiрме
жұмысы сияқты жұмысқа оқушыларды ерiксiз жегуден ештеңе
шықпайды. Әрине, кейде қайсыбiр зерек, бiрақ жұмысқа тез
құмартып, тез суынып қалатын балаларды қысыңқырауға да тура
келедi. Бiрақ ондай қысым әкiмшiлiк ретiнде болмай,
тәрбие
ретiнде болуы қажет.
Үйiрменiң iсi мен жұмысы үшiн үйiрменiң белсендісі деп
атарлық iскер топтың болуының маңызы өте зор. Жұмыс жемiстi
болуының басты шарты – жақсы ынтаның болуы. Сондықтан
мұғалiм белсенділікке ерекше көңiл бөлуi мiндет. Оқушылардың
кейбiреуi географияны өте ұнататынын байқап, мұғалiм ондай
оқушыларға өзiнiң қызметiне қажет карталар, модельдер жасау-
ды
немесе тiптi, сабаққа үлгермей жүретiндерге көмектесудi
тапсыратын жағдай да аз кездеспейдi. Әрине, үйiрме мүшелерi
мұғалiмге кейде бар ынтасын салып көмектеседi, әсiресе түрлi
құралдар жасауда балалардың ондай көмегiнен бас тартудың
қажеті жоқ. Бiрақ ондай көмектi қабылдаумен бiрге мұғалiмнiң
де шектен шықпай, балалардың ықыласын мiндетке айналдырып
жiбермейтiн болу керек.
Не дегенмен үйiрме жұмысының көп жағдайында шешушi
факторы болып мұғалiмнiң өзi табылатындығы туралы айтудың
қажетi болмас. Айналаңызға қарасаңыз, кiмнiң үйiрмелерi жақ-
сы. Жауап қашан болса да бiреу-ақ: оқу жұмысына көбiрек кө-
ңiл бөлетiн тәжірибелі мұғалiмдердiң үйiрмелерi қашан да болса
жақсы. Егер мұғалiмнiң өзi география жөнiнде жаңадан шыққан
кiтап тарды, географиялық түрлi
жаңалықтарды құнттап қарап
жүрмейтiн болса, географияны оқыту әдiстерiнiң дамуын құнттап
қарастырмайтын болса, үйiрмеге басшылық ету оған қиын бола-
ды. Үйiрмеге басшылық ету әуелгi кезде жұмысқа жаңа кiрiсiп
отырған мұғалiмдерге де қиын тиедi. Бiрақ ондай мұғалiмде
тәжiрибеге төлеу боларлық «қызу жiгер» көбiрек, оның сол жiгерi
көбiнесе оқушыларды да қыздырып, содан барып тамаша нәтиже
шығады. Сондықтан не өте тәжiрибелi немесе ең жас мұғалiмдер
басқарған үйiрмелердiң жақсы болатынына таңғалуға болмайды.
Соңғы бiр шарт, үйiрменiң азды-көптi жабдығы болады:
144
кiтаптар, журналдар, газет кесiндiлерi, коллекциялар, жазылған
баяндамалар, модельдер, аспап-саймандар, т.с.с. Егер үйiрмеде
осылардың бәрiн қоятын үй, тым болмаса кiлтпен бекiтiлген шка-
фы болуы қажет. Онсыз үйiрменiң жабдықтары да, жұмыстары
да сақталмайды. Ал жабдығы
сақталған жұмыстары болмаса,
үйiрменiң жұмысы да жемiстi болмайды. Осы жағдайды естен
шығармау керек, олай етпегенде, тiптi, жақсы жұмыстың өзi на-
шарлап, құрып кетедi.
Үйiрме кiтап пен журналдың бiразын үйiрме мүшелерiнiң
еріктi жарнасына, бiразын мектептiң оқу бөлiмi (үйiрменiң жұ-
мысы жақсы жолға қойылғаны байқалса) беретiн азғана сомаға
сатып алады. Үйiрменiң кiтапханасын оқушылардың уақытша
өздерi әкелген кiтаптарынан құрастыруға болады. Егер кiтапхана
сондай уақытша әкелiнген кiтаптардан құралған болса, әкелiнген
кiтаптардың дұрыс жазылып отырылуы қажет, олай болмаса, кiтап
жоғалып кетуi ықтимал. Үйiрмеге қажет саймандар ал ғаш қы кезде
география кабинетiнен уақытша пайдалануға алынып одан кейiн
бiртiндеп өздерi құрастырып алады. Үйiрменiң жұмысы әлдене ше
түрлi болуы мүмкiн. Оған бiрнеше мысалдар келтiрейiк.
Достарыңызбен бөлісу: