5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет124/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабақтың деректі материалдары
«Алтын адам» Күн Құдайымен теңестірілді. Оның 
бас киіміндегі алтын жебе, мүйізді ешкі, алтын қанат-
ты жылқылар "патшалықтың белгісін" білдіреді. Биік 
баскиімі үш бөліктен тұрады: жоғары көк әлемі – құс- 
тың қанаттары; ортаңғы жер әлемі – "алтын таулар”, 
жануарлар; жерасты әлемі – ешкі, ағаш тамырлары. 
Арқардың алтын мүсіні баскиімнің ең ұшында орна-
ласқан. Ол Тәңірге жақын, «кіршіксіз» деп есептел-
ген. Жан-жағындағы төрт жебе әлемнің төрт жағын 
бейнелейді. Киімнің алтыннан жасалуы Күннің түсін 
білдіреді. Сақтарда жоғары патша билігін осылайша 
негіздейді. Сақтар өздерінің дүниеден өткен патша-
ларына алтын киім киіндіріп, алып оба тұрғызған. 
Жарқыраған киім патшаның тұлғасын асқақтатып, 
оны Күн бейнелі құдай дәрежесіне көтерген. 
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ "дәлел" концептісі негізінде құрастырылған. 
Оқушылар «Алтын адам» ескерткішіндегі аңдардың 
бейнелерімен танысады. Сақ шеберлерінің «аң 
стилін» қолдану ерекшеліктерін оқулықтағы 
суреттер, сұрақтар негізінде талдау арқылы түсінеді. 
Оқушылар «Алтын адамның» киім-кешектерінің, 
қару-жарақтарының 
аңдармен 
безендірілу 
себептерін анықтау арқылы, сақтар дүниетанымын 
тереңірек тануға көшеді. Сақтардың наным-
сенімдері мен ғұрыптық іс-әрекеттері жазылған 
кеспеқағаздар топтамасын өзара сәйкестендіріп
наным-сенімдердің сақтар өміріндегі маңызын 
топта өзара талқылайды. «Алтын адам» бас киімін 
сурет бойынша сипаттап, ондағы аң-құстардың 
бейнелеуін түсіндіреді. Оқулықтағы мәтіннің 
негізінде сақтардың дүниетанымы туралы тұжырым 
жасайды. Сақтардың қолөнері мен дүниетанымы 
туралы әңгіме құрастырып, алған білімдерін 
жүйелейді. Қосымша тапсырмада ұсынылған үш 
жұмыстың біреуін оқушы таңдап орындай алады.
Суретті талдаңдар
Тапсырманы оқулықтағы сурет бойынша жұп-
та орындатыңыз. Сұрақтарға берген жауаптарын 
талқыласын. Жұптар топтарға бірігеді. Топтағы үздік 
жауаптарын өздері анықтап, сыныпта жарияласын. 
Тапсырманы үздік орындаған оқушыға қорытынды-


3-тарау. 
Сақтар
77
латыңыз. Мәтінді оқытыңыз. «Аң стилі» деген сөздің 
мағынасын оқушылардың түсінуіне көңіл бөліңіз. 
Қоршаған ортаны, дүниені танудан өнер дамитын-
дығын түсінуіне бағыттаңыз. 
Жауаптары.
Арқар мен бұғы, марал мен барыс 
бейнелері. Аңдар түрлі қозғалыс үстінде. Барыс қи-
мылдап, мойнын артқа қарай бұрып тұр. Шебер бұл 
аңдарды жиі кездестіреді. Ол аңдардың әрекеттерін, 
қимыл-қозғалыстарын жақсы зерттеп білген. 
Ойланыңдар 
Сақтар әшекейлеу үшін неге аңдардың бейнесін 
қолданды?
Оқушылар мәтіннің негізінде берілген сұраққа 
жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет