5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет126/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырма
Оқушыларға таңдау мүмкіндігін жасап, таңдауға 
мынадай тапсырмаларды ұсыныңыз. 
1. Сақтар өнерінің ерекшелігін көрсететін 3 мысал 
келтіру.
2. Сақтардың дүниетанымын сипаттайтын 3 сөй-
лем құрастыру. 
3. «Алтын адамға» қатысты қазба жұмыстары мен 
оны зерттеген археологтар туралы күнделік жазу. 


78
3-тарау.
Сақтар
3.3.
Шілікті және Бесшатыр патша
қорғандары (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін 
түсіндіру.
Тірек сөздер
әлеуметтік теңсіздік
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы, 2010.
2. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. – Ал-
маты. Қазақ энциклопедиясы. 2007.
Оқулық: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары, 
78-79-бет.
Зерттеу сұрағы: 
неліктен Шілікті мен Бесша-
тыр «патша қорғандары» деп аталады?
Сабаққа дайындық 
1. Атауларды және анықтамаларды жеке-жеке 
қиып, кеспеқағаздар дайындаңыз. 
Атауы
Анықтамасы
Тайпа көсемі Сақтардың тайпасын басқарды
Президент 
Халық 
сайлайтын 
республикалық 
мемлекет басшысы
Әкім
Облысты, ауданды, ауылды басқаратын 
адамдар
Император
Бірнеше мемлекеттен тұратын үлкен 
империяны басқарушы
Малшы
Мал бағатын адам
Қолөнерші
Түрлі бұйымдарды жасайтын адам
Жұмысшы
Зауыт, фабрикаларда жұмыс жасайды
Дәрігер
Адамдарды емдейді
Жауынгер
Қолына қару алып, елдің қауіпсіздігін 
қорғайды
Сот
Адамдардың құқықтарын қорғайды
Прокурор
Заңдардың жүзеге асуын қадағалайды
2. Суретті талдауға арналған аналитикалық талдау 
парағын әзірлеңіз.
1-қадам. Бақылау 
А
Суреттен алған жалпы әсеріңді сипатта. Суреттің 
жеке элементтерін зертте. 
Ә
Суреттегі адамдар, нысандар және іс-әрекеттерді 
анықтау үшін берілген кестені қолдан. 
Адамдар
Нысандар
Іс-әрекеттер
2-қадам. Қорытынды
Өз зерттеулеріңнің негізінде негізгі үш нәрсені 
көрсете отырып, суреттен қорытынды шығар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет