5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет125/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сәйкестігін табыңдар
Наным-сенімдер мен ғұрыптық іс-әрекеттер 
жазылған кеспеқағаздар топтамасын таратыңыз. 
Оқушылар тапсырманы жұптасып орындасын. На-
ным-сенім түрлері мен ғұрыптық іс-әрекеттерді 
өзара сәйкестендірсін. Екінші кезекте кеспеқағаздар 
топтамасын маңыздылығына сәйкес орналастыр-
сын. Бұл кезде оқушылардың өзара талқылауға қа-
тысуы маңызды. Наным-сенім сақтар өмірінде қан-
дай рөл атқарғанын талқылаңыз. 
Жауаптары.
1. Сақтар аңдарға табынды. – «Аң стилі» дамыды.
2. О дүниеде өмір бар деп сенді. – Заттарын бірге 
жерлеу.
3. Күн Құдайы – ең құдіретті құдай. – Жылқыны 
құрбандыққа шалды.
4. Патша Күн Құдайымен тең. – Алтын киіммен 
жерленді.
5. Ата-баба аруақтарына сиынды. – Биік қорған-
дар тұрғызды.
6. Әлем ұғымы: аспан, жер, жерасты. – «Алтын 
адам» баскиімі.
7. Дүниенің төрт бұрышы ұғымы. – Патша билі-
гінің кеңістігі. 
8. Жаратушы тылсым күшпен байланыс. – Биік ба-
скиімнің ұшындағы арқар.
9. Сақтар жазбасы. – Күміс тостағандағы жазу.
Анықтаңдар 
Оқушылар «Алтын адамның» бас киімін сурет 
бойынша сипаттайды, ондағы аң-құстардың бей-
неленуін түсіндіреді. Оқулықтағы мәтіннің негізінде 
сақтардың дүниетанымы туралы екі тұжырым айта-
ды.
Жауаптары. 
Оқушылар баскиімдегі аңдар мен 
құстар, тау, ағаш көріністерін атап, олардың бейне-
ленуін түсіндіреді. Бас киімдегі "төрт дүниенің төрт 
бұрышы" ұғымын білдіреді. Ол – патша билігінің 
кеңістігі. Бас киімдегі аңдар мен құстар, тау, ағаш 
көріністері әлем ұғымын білдіреді: аспан, жер, же-
расты әлемі. 
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар оқулықтағы суретті талдайды. Жұпта 
талқылау арқылы сұрақтарға жауаптар дайындайды. 
"Аң стилі" сөзінің мағынасын түсіндіреді. Кеспеқағаз-
дағы наным-сенім түрлері мен ғұрыптық іс-әрекет-
терді өзара сәйкестендіреді. "Алтын адамның" бас- 
киімін сипаттайды, ондағы аңдардың бейнеленуін 
түсіндіреді. Сақтардың дүниетанымы туралы екі 
тұжырым жасайды. "Алтын адам" туралы жазбаша 
әңгіме жазу тапсырмасын жеке орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет