5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет135/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сақтар
83
Суретпен жұмыс
Оқушылардан суреттен не көріп тұрғанын 
сұраңыз. Өзге қорғандардан үш ерекшелігін салыс- 
тырып анықтасын. Археолог ретінде үш сұрақ құрас- 
тырсын. Оқушылар тапсырманы жұпта орындасын. 
Үлгілі жауапты сыныпта тыңдатыңыз. Қорытынды-
лаған кезде мынаған назар аудартыңыз: археологтар 
обадан көп деректер тапса, сақтардың тұрмыс-тір-
шіліктері айқын бола түседі. 
Жауаптары.
Берел қорғанынан табылған олжа-
лар: екі мәйіт, 13 жылқы, ат әбзелдері, киім-кешек, 
әшекей бұйымдар, ыдыстар. Берел қорғанының 
ерекшеліктері: лақат жер астындағы тоң қабатына 
қарай неғұрлым терең қазылады. Мәйітті саркофаг-
та жерлейді. Обада мәйітпен бірге бірнеше жылқы 
жерленген. Лақат асты тоң қабат болғандықтан, 
мәйітпен жылқылар ұзақ бұзылмай сақталған. Мәй-
іттер бальзамдалған. 
Үлгі сұрақтар:
Жылқылар мен мәйіт 2500 жыл 
бойы қалай бұзылмай сақталған? Табылған заттар 
жерленген адам туралы қандай ақпарат береді? 
«Тоңазытылған қабірлерді» қалай жасаған?
Деректерді талқылаңдар
Әрбір оқушыға деректер мен мәліметтер жа-
зылған қағаздар беріледі. Оқулықтағы "Мәңгі тоң 
қабаты" қабаты мәтіні мен нұсқаулықтағы дерек-
ті материалды пайдаланыңыз. Оқушылар берілген 
мәліметтерді оқып, біледі. Сыныптастар арасында 
жүріп, ақпараттарымен бөліседі. Олар мүмкіндігін-
ше ақпараттарды көп оқушыларға жеткізуі керек. Өз 
ойларын жеткізу барысында мысалдар келтіре ала-
ды. Оқушылардың барлығы бір-бірімен ақпарат ал-
масады. Келесі кезекте оқушылар кіші топтарға бірі-
геді. Неліктен топқа біріккенін түсіндіреді. Оқушылар 
деректер мен мәліметтер бойынша: "Не таңғалдыр-
ды? Не қызықтырды? Қандай деректер қынжылтты?" 
деген сұрақтар бойынша ойларын дәптерге жазады. 
Жауаптары
Таңғалдырды:
1. Сақ тайпаларының күрделі жерлеу құрылысын 
салуы мен мәңгілік тоң қабатында мәйітті шірітпей 
сақтау технологиясын – бальзамдауды білуі.
2. Жылқыларды адаммен бірге жерлеуі.
3. Шеберлердің зергерлік бұйымдарды алтыннан 
шебер жасауы.
4. Киізден, жүннен жасалған бұйымдардың 2500 
жыл сақталуы.
Қызықтырды:
Сақ тайпаларының табиғат жағдайларын, кли-
мат ерекшеліктерін, түрлі өсімдіктердің қасиеттерін 
білуі. 
Қынжылтты:
Көптеген қорғандардың тоналуы. Адамдармен 
бірге жерлеу үшін көп жылқыны құрбандыққа ша-
луы.
5. Сұрақтар: 
Сақ тайпаларының күнделікті өмірлері қандай 
болды? Қандай кәсіппен шұғылданды? Жерленген 
адам қандай жағдайда қайтыс болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет