5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет131/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Сабақ "дәлел" тарихи концептісі негізінде 
құрылған. "Білемін. Білгім келеді. Білдім" кестесі 
арқылы оқушылар өткен тақырыптармен байланыс 
орнатып, сабақтың мақсатын анықтай алады. Бұл 
сабақта Бесшатыр, Шілікті қорғандары және олардан 
табылған жәдігерлер туралы жазба деректер, 
археологиялық ескерткіштер негізінде «патша 
қорғандары» туралы түсінік қалыптастырады. 
Оқушылар дереккөздерден қажетті ақпаратты алып, 
білімін қолдану дағдыларын жетілдіреді. Оқушылар
 
Бесшатыр «патша қорғанын» сурет арқылы 
сипаттай отырып, оның құрылысының күрделі 
екендігіне көз жеткізеді. А3 пішінді қағазға жазылған 
сипаттама жазбаларын өзге топтың жұмысымен 
салыстырып, қосымша ақпарат жинақтайды. 
«Сендерді не таңғалдырды? Не ойландырады?» 
деген сұрақтар арқылы тапсырманы қорытындылай 
алады. «Бос орынға сәйкес сөздерді қой» 
тапсырмасын түрлендіруге болады. Бұл тапсырманы 
деңгейлік тапсырма ретінде орындата аласыз. Екі 
қорғанды салыстыру арқылы Бесшатыр, Шілікті 
қорғандарының ұқсастығы мен айырмашылығын 
анықтатыңыз. Сол арқылы қорғандардың «патша 
қорғаны» екендігіне дәлелдер келтіріп, қорытынды 
жасауға мүмкіндік жасаңыз. Оқушылар топтық, 


3-тарау. 
Сақтар
81
жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы белсенділіктерін 
барынша таныта алады. Оқушылардың таңдауы не-
гізінде Шілікті және Бесшатыр қорғаны туралы ақпа-
рат жинау түрінде қосымша тапсырма беріңіз. 
Кестені толтырыңдар 
Сабақты «Білемін. Білгім келеді. Білдім» деген 
кестені толтыртумен бастаңыз. Кестені оқушылар 
жеке толтырады. Екі бағанды толтыруды сұраңыз. 
Оқушылардың өзара ақпарат алмасуына мүмкін-
дік жасаңыз. Жұптар топтарға бірігіп талқыласын. 
Соңынан сыныптың ортақ кестесін флипчартқа жа-
зып қойыңыз. Сабақ соңында пайдаланасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет