5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет136/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылар З. Самашевтің реконструкциясындағы 
Берел қорғаны заттарының тізімдерін жасайды. Ал-
дыңғы алған білімдеріне сүйене отырып, қорғанның 
өзге қорғандардан ерекшелігін анықтайды. Берел 
қорғанымен байланысты археологқа үш сұрақ құра-
стырады. 
«Деректерді талқылаңдар» тапсырмасы бойынша 
оқушылар сұрақтарды талқылап, жауаптар дайын-
дайды. Дерек бойынша "қызықтырған", "таңғалды-
рған", "қынжылтқан" жағдайларды анықтайды. 
Жауаптарын жазып, өзге топтардан кері байланыс 
алады.
Қосымша тапсырма
Тарих тақтасын құрастырыңдар.
Оқушыларға 
2500 жыл бұрын өмір сүрген Берел адамының бір 
күнгі өмірін суреттеуге тапсырма беріңіз. Олар Бе-
рел адамының өмірін суреттеу кезінде обадан та-
былған олжаларды қолдансын. Оқушыларға үш түр-
лі деңгейлі тапсырманың бірін таңдап, орындауына 
мүмкіндік беріңіз. 
• Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 
3-4 сурет салады.
• Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 
10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды.
• Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 
күнделік жазады.
Жауаптары.
Мысалы, суреттегі ер адам өзінің 
сүйікті атының үстінде, барлық қару-жарақтарын 
асынған. Аңшылыққа бара жатыр. 


84
3-тарау.
Сақтар
3.4.
Берел қорғандары (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін 
түсіндіру.
Тірек сөздер
грифон
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы, 2010.
2. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. 
– Ал маты, Иль-Тех-Кітап, 2005.
Оқулық: Берел қорғандары, 
84-85-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет