5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет139/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Ойланыңдар
Тапсырманы орындату үшін, алдымен, оқушылар-
ды оқулықтағы суретпен таныстырыңыз. Оқушылар 
суреттегі аңды сипаттасын. Әрі қарай жұпта берілген 
сұрақтар бойынша болжам жасасын. Топта талқы-
лап, ең үздік жауапты сыныпта тыңдатыңыз. Мәтінді 
оқушылар өз бетімен оқысын. Соңынан болжамда-
рының қаншалықты сәйкес болғандығын анықтасын. 
"Грифон" деген терминге көңіл аудартыңыз. Сөздер-
ге синоним ойластырсын. Оқушылардың жаңа сөзді 
ұққандығына көз жеткізіңіз. Археологтардың жер-
ленген адамның жоғары билік иесі болғандығын, 
көсем немесе патша екендігін грифон асатаяғы 
арқылы анықтағанын оқушылар түсінсін. Оқушылар 
бірігіп, қорытынды жасасын.
Жауаптары.
Жануар денелі, құсбасты, қосмүйізді, 
қосқанатты. Ағаштан жасалған мүсінді археолог-
тар "грифон асатаяғы" деп атайды. «Алтын қорыған 
грифтер» деген тайпа патшасының билік белгісі. Бұл 
грифон асатаяғы жерленген адамның көсем немесе 
патша болғандығын білдіреді. 
Анықтаңдар
Оқушыларға кеспеқағаздар таратыңыз. Бір оқушы-
да сұрақ болса, екінші оқушыда жауап болуы керек.
Оқушылар өзінің сұрағына сәйкес жауапты іздеп 
табады. Соңынан топтар өздерінің сұрақтары мен 
жауаптарын таныстырады. Топта сұрақтарын талқы-
лап, сыныпқа жариялайды. 
2-кезеңде екінші кеспеқағазбен жұпта жұмыс жа-
сатыңыз. Әрбір жұп кеспеқағаздарды мағынасына 
қарай сәйкестендіреді. Содан кейін маңыздылығы-
на қарай орналастырады. Оқушылардың жұптағы 
тапсырманы орындау барысын қадағалаңыз. Оқушы-
лардың талқылау барысындағы жауаптарын тыңдау 
арқылы үздік жауаптарды анықтап, соңынан сыныпқа 
жариялатыңыз. Бір оқушыға қорытынды жасатыңыз. 
Дәлелдеңдер
Тапсырманы жеке орындатыңыз. Тапсырманы түр-
лендіріп беруіңізге болады. Геродот сақтардың Қүнге 
табынатынын және оған арнап құрбандықа жылқы 
шалатынын жазады. Құрбандықтың мәні: «Құдайлар-
дың жүйрігі – Күн, жанауарлардың жүйрігі – жылқы 
лайық» деген мәліметін оқушыларға оқулықтан 
оқып, оған археологиялық деректер бойынша сәйкес 
дәлел келтіру тапсырмасын беріңіз. Кейбір оқушылар
Геродоттың сөзі мен мағынасын түсіндіреді. Қалған 
оқушылар кемінде үш дәлел келтіреді. Кейбір оқушы-
лар дүниетанымдық көзқараспен байланыстырады. 
Жауаптары.
Бірінші жауап
: Сақтар құдайлардың 
ішіндегі құдіреттісі – "Күн Кұдайы" деп есептейді. 
Жылқыны ең жүйрік жануар ретінде құрбандыққа 
шалды.
Екінші жауап:
Берел обаларында жылқылардың 
денелері табылды. Жылқылар адамдар мәйітімен бір-
ге жерленген. Жылқылардың денелері шірімес үшін 
тоң қабаттарға жерлеп, үстін қайыңтоз жапырақта-
рымен жапқан.
Үшінші жауап
: Сақтарда дүние, жаратылыс туралы 
көзқарас қалыптасты. Бұл дүниедегі өмір әрі қарай о 
дүниеде жалғасады, бұл дүние мен о дүниедегі өмірді 
реттеуші Күн Құдайы деген сенімде болды. "Жүйрік 
жылқы иесін тезірек басқа өмірге жеткізеді" деген 
сеніммен жылқыларды әсем безендірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет