5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет148/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты "ерлік", "батырлық" туралы әңгімелесуден 
бастаңыз. Оқушылар "
ерлік" деген сөзді қалай 
түсінетінін, ерлік жасайтын адамның бойында 
болатын қасиеттер мен тарихта ерлік жасаған қандай 
тұлғаларды білетіндіктерін сұраңыз. Жауаптарын 
қорытындылап, оқушыларды әрі қарай Томиристің 
ерлігін сипаттауға бағыттаңыз. Оқушылар сурет 
арқылы Томиристі сипаттауға бағытталған қысқа 
тұжырымдар түрінде 10 сөз жазуы тиіс. Сабақтың
тарихи концептісі "дәлел" болғандықтан, ежелгі 
жазба деректерін дәлел ретінде қолдануды үйренеді. 
Оқушылар Геродоттың жазба деректерін талдау
арқылы соғыстың сылтауы мен себебін ажырата 
алады. Мәтіндер мен ақпараттарды қолданып, 
Томиристің тұлғалық қасиетіне баға береді. 
Ойланыңдар
Тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оқулықтағы су-
ретпен жұмыс жасатыңыз. Томиристі сипаттауға 
бағытталған қысқа тұжырымдар түрінде дәптерге 
жаздыртыңыз. Сіз жұптық талқылаудың қалай өтіп 
жатқанына бақылау жасаңыз. Соңынан толықты-
рулар, түзетулер енгізіңіз. Жұпта жұмыстарын 
аяқтағаннан кейін, топқа бірігуін сұраңыз. Оқушылар 
бір-бірінің жұмыстарына кері байланыс беріп, де-
ректердің нақтылығына, қолданылған терминдердің
дұрыстығына көңіл аударады. Оқушылар мәтінді 
өздігінен оқып, Томирис туралы білімдері бойынша 
қорытынды жасайды.
Жауаптары
. Томирис батыл, ержүрек, шабандоз, 
мерген. Томирис – сақ патшайымы. Оның есімі сақ 
даласынан тыс елдерге де кең тараған.
Деректерді талдаңдар
Тапсырма бойынша оқушыларға Геродоттың жаз-
ба дерегін талдатыңыз. Бұл тапсырманы орындау екі 
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде деректі оқушы-
ларға оқытыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін 
оқушыларды топқа бөліңіз. Әрбір топқа бір сұрақтан 
бөліп беріңіз. А4 пішініндегі қағаздың жоғары жағы-
на сұрақтарды жазып таратыңыз. Оқушылардың 
сұрақтарды қалай талқылап жатқанын бақылаңыз. 
Ұсынылған уақыт аяқталғаннан кейін дайындаған 
жұмыстар сынып қабырғаларына ілінуі тиіс. Екінші 
кезеңде барлық топтарға стикер таратыңыз. Стикер-
лер екі түсті болсын. Олар келесі топтың жұмысымен 
танысып, стикерлеріне пікірлерін жазып, қабырғаға 
ілінген жұмыстарға жапсырады. Жақсы тілекке бір 
түс, ұсыныс жауаптарына басқа түсті стикер қолда-
нады. Соңынан оқушылар өз жұмыстарындағы кері 


3-тарау. 
Сақтар
91
байланыс бойынша топта талқылау өткізеді. Қоры-
тындылауға 1 минут уақыт беріңіз. Қорытындыда 
оқушы соғысты Кирдің бастамақ болғанын түсінеді. 
Соғыстың сылтауы мен себебін ажырата алады. 
Оқушылар мәтінмен оқып танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет