5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет147/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың
өздері
таңдаған ғалымдардың 
пікірін жақтайтын дәлелдер келтіре алуы 
мен
көзқа-
расын сенімді түрде қорғай алу шеберлігі мен жеке 
тақырыпты қорытындылап, күнделік жазуын баға-
лауыңызға болады.
Қосымша тапсырма
Қызығушылық танытқан оқушыларға тапсыр-
ма беруіңізге болады. Ғаламтордан Қазақстаннан 
басқа жерлердегі «мұртты» обаларға ұқсас ескерт-
кіштер туралы ақпараттарды оқып, ескерткіштердің 
зерттелуі туралы шағын баяндама әзірлеп келуге 
тапсырма беріңіз. Тапсырманы үй жұмысы ретінде 
ұсынуыңызға болады.


90
3-тарау.
Сақтар
3.6.
Сақ патшайымы Томирис (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
патшайым
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. 1-том. – Алматы, 2010.
2. Галиев А. Томирис. Тарих, тұлға, уақыт. – Алма-
ты: Аруна, 2005.
Оқулық: Сақ патшайымы Томирис, 
90-91-бет.
Зерттеу сұрағы:
тарихи деректерде Томирис-
тің бейнесі қалай сипатталған?
Сабақтың деректі материалдары
Массагеттермен Парсы патшасы Кир соғысуды 
көздеген еді. Ол туралы грек тарихшысы Геродот бы-
лай деп жазады: «Парсы патшасы Кир Вавилон елін
жаулап алғаннан кейін, массагет тайпаларын бағын-
дыруды жоспарлады. Саны жағынан массагет тайпа-
лары өте көп әрі бұл елдің адамдары жауынгер болды. 
Массагет тайпалары күншығыстағы Аракс өзенінің 
арғы жағында исседон тайпаларына көрші ел болып, 
мекен етеді. Парсы патшасының массагеттер еліне 
аттануының бірнеше маңызды себептері болған еді. 
Сол себептердің бірі – Кирдің «мен қасиетті адаммын, 
наға шымның түсіне кіріп, түсінде аян берген әмір-
шісі – менмін, мен бүкіл әлемді билеуім керек" деген 
астамшылық пиғылы болатын. Екінші себеп – оның 
барлық соғыстарда жеңіске жетіп, көптеген елдерді 
бағындырып келе жатқан жолы болғыштығы еді. 
Өйткені, парсы патшасының көзі түскен елдің кез 
келгені оған қарсы тұра алмай, жеңілген болатын». 
Б.з.д. V ғасырдың ортасында жазылған Геродот
-
тың "Тарих" еңбегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет