5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет145/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жәдігерлерді топтастырыңдар
Әрбір топқа сұрақтар мен тапсырмалар жазылған 
флипчартты таратыңыз.
 
Деңгейлік тапсырма түрінде 
орындатуыңызға болады. Кейбір оқушылар оқулықтағы 
сурет бойынша обадан табылған ескерткіштерді 
анықтап, тізімін жасайды. Басқа оқушылар деректің үш 
тобы (қару-жарақтар; ат әбзелдері; ғұрыптық, әшекей, 
тұрмыстық бұйымдар) бойынша топтастыр
ылады.
Ал 
енді бірі табылған ескерткіштерді пайдаланып, сақтар-
дың өмірін сипаттайды. Әрбір топтан бір оқушы орын-
даған жұмысын сыныпқа таныстырады.
Жауаптары
1-топ.
 
Обалардан жебе ұштары, қанжарлар, бел-
діктер, айналар, құрбандық ыдыстар, ауыздықтар та-
былды. Әшекей бұйымдар да орын алады.


3-тарау. 
Сақтар
89
2-топ. Ат-әбзелдері: ауыздық, үзеңгі. Ғұрыптық, тұр-
мыстық бұйымдар: айна, қазан, әшекей бұйымдары.
3-топ. Темір және қола құю шеберлері болған. 
Қола айна, құрбандық табақтар сақтардың на-
ным-сенімдерін білдіреді. Діни ғұрыптарды сақтаған: 
өлген адаммен заттарды бірге жерлеу о дүниеде өмір 
бар дегенге сенген. Ауыздық, жүгендердің табылуы 
мал шаруашылығының дамығандығын, көшпелі мал 
шаруашылығы негізгі кәсіптің түрі болғандығын біл-
діреді. Қару-жарақтардың табылуы сақтардың жа-
уынгер халық болғандығын айғақтайды.
Ойланыңдар
Сіздің ойыңызша, «мұртты» обалар сақтардың 
діни наным-сенімі, дүниетанымы туралы жеткілікті 
ақпарат береді ме? Сынып бөлмесінің төрт бұрышы-
на ғалымдардың пікірлері және «мұртты» обалардан 
табылған бұйымдар туралы ақпарат жазылған А3 
пішініндегі парақты іліңіз. Оқушылар, алдымен, 3 ми-
нут ішінде барлық пікірлермен таныссын. Кейін қай 
көзқарасты жақтайтындығын шешіп, сол бұрышқа 
барып қосылуы керек. Түрлі көзқарастарды ұстанған 
оқушылар сыныптың бұрышына барып тұрады. 
Оқушылар шағын топ ішінде өздерінің көзқараста-
рын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Топтарға мәтіндер 
беріңіз. Спикерлер 1-2 минут аралықта өз топтары-
ның ұстанымдарын айқындайды. Пікірталас кезін-
де оқушыларға өз көзқарастарын өзгертіп, басқа 
топтарға ауыса алатындығын ескертіңіз. Бұл жағдай 
топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді: 
олар жақтастары көбейту үшін пікірталаста дәлелді 
болуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет