5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет172/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушылардың қан-
дай нәтижеге қол жеткізгенін қалыптастырушы баға-
лау арқылы анықтаймыз. Қоғамды сипаттау кезінде 
оқушылардың білімін, дағдыларын бағалауға мүм-
кіндік бар. Оқушының топпен, жұппен жұмыс жа-
саудағы іс-әрекетін жан-жақты қадағалап, өзіндік 
бағалау жасаңыз. Осы тапсырманы ұйымдастыру ба-
рысында топпен жұмыс жасаудың өзіндік критерий-
лерін де ұсынып өтіңіз:
a) нақты бағалау критерийлерін түсінеді; 
ә) критерийлерге сай өзінің және өзгелердің жұ-
мысын объективті бағалай алады;
б) өз жұмысы туралы рефлексия жасай алады.
в) топ мүшелеріне кері байланыс ұсына алады.
Қосымша тапсырма
Тақырыптың сұрағына қайта оралып, қосымша 
ақпараттың көмегі арқылы «Ақпараттық органайзер» 
құрастырады. Органайзерде мынадай айдарлар бо-
луы мүмкін: Қытай саяхатшыларының есімдері, олар-
дың үйсін мемлекетіне қатысты мәліметі, еңбектері, 
оқушы қорытындысы және т.б. 
Қытай авторларының үйсіндер туралы қандай 
ақпарат бергенін жалпы қорытып, шағын әңгіме жаз-
дыртуға болады.
 
Мысалы,
Мемлекет құрылды ...
Ең басты жетістіктері – …
Көрші елдермен байланысы ...
Қорыта айтқанда..
Бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынған тиімді. 


108
4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
4.1.
Үйсіндер туралы жазба деректер (2-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсін-
діру; 
5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекет-
тік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қаты-
насын анықтау.
Тірек сөздер
жекеменшік
Ресурстар
1. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура 
саков и усуней долины реки Или. – Алматы, 1963.
2. Ежелгі үйсін елі. / Құрастырушы Шадыман 
Ахметұлы. – Үрімжі: ҚХР Шыңжаң халық баспасы, 
2005 ж.
3. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күн-
ге дейін. І том. – Алматы: Атамұра, 2010.
5. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. – 
Алматы, 1993.
6. Салғараұлы Қ. Таным тармақтары. – Алматы, 
1998.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет