5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет175/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Хабарлама дайындаңдар
 
Тақырыптың қорытындысын шығарып, матери-
алды меңгергеніне көз жеткізу үшін бір деректің 
негізінде «Үйсін қоғамы» тақырыбында хабарлама 
құрастыруға тапсырма беріңіз. Құрастыру бары-
сында олар, ең алдымен, осы қытай деректеріне 
сүйенеді. Сол арқылы қорытынды сұрақтарға жау-
ап береді. Ал деректердің шынайылығына көз жет-
кізу үшін, деректер мен археологиялық экспедиция 
нәтижесінде алынған ақпараттарды салыстыруға 
мүмкіндік беріңіз. Тапсырманы түрлендіруге болады: 
• «Үйсін қоғамы» тақырыбында шағын хабарла-
ма жазуға болады.
• Хабарламаны қытай деректеріне сүйене оты-
рып дайындаңдар. 
• Хабарламаны қытай деректері мен археоло-
гиялық экспедиция мәліметтері негізінде құрасты-
рыңдар.
 
Бағалау мүмкіндіктері 
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының қандай 
нәтижеге қол жеткізгенін арнайы қалыптастырушы 
бағалау арқылы анықтаймыз. Мысалы, «Түйіндең-
дер» тапсырмасында берілген 3 деректің біреуін 
таңдайды. Әрбір дерекке сипаттама жасаудың қа-
жеті жоқ, алайда таңдап алынған деректе неліктен 
байлықтың өлшемі берілгенін жан-жақты сипаттап 
береді. Оны нақты дәлелдермен түсіндіреді. Әлеу-
меттік теңсіздіктің өзін анықтау кезінде терең тал-
дау жасаған оқушыны мақсатқа жетті деп есептеуге 
болады. Жалпы, "теңсіздік" түсінігіне тоқталып, тал-
дау жасап, үйсін қоғамында қалай көрініс тапқанын 
көрсетіп өткен оқушының тақырыпты меңгергендігі 
анықталады. 
Қосымша тапсырма
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Топқа қоғамда 
жеке меншіктің қалыптасу себебін талдатыңыз. 
Оқушыларға қатысты мәтін беріледі. Олар 1,5 минут 
ішінде тақырыпқа сәйкес өз ойын жазады да, сағат 
тілімен келесі оқушыға дәптерін ұсынады. Ол ал-
дыңғы оқушының ойын жалғастырады. Сөйтіп, бүкіл 
топ бір-бірінің ойын жалғастырады. Дәптер өзінің 
иесіне қайтып келгенде оқушы барлық ойды тұжы-
рымдап, қорытынды жасайды. Егер дәптерінде қара-
ма-қарсы пікірлер жазылса және оған келісетін бол-
са, онда өз ойын соған бейімдейді. Дәптер алмасқан 
кезде өзге ойды жалғау арқылы ойлау қабілетін арт-
тырады және барлық пікірге ортақ тұжырым жасау 
арқылы логикасын дамытады. Бұл сабақта мұғалім 
тек бағыт беруші рөлін ғана атқарады. 


110
4-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет