5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Үйсіндер туралы жазба деректер



Pdf көрінісі
бет173/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Үйсіндер туралы жазба деректер
108-109-бет.
Зерттеу сұрағы:
қытай авторлары үйсін-
дердің өмірін қалай сипаттады?
Сабаққа дайындық
Тақырыпқа қатысты иллюстрациялар, тірек-сыз-
баларды дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Ежелгі үйсін қоғамында құлдық бола тұрса да, құл 
еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Құлдарға көбінесе 
әскери тұтқындар айналдырылған. Жазбаша дерек-
темелерде мынадай оқиға келтірілген: "б.з.д. І ға-
сырда усун гуньмосы Вэн Гуйми (Фэйван) ғұндарға 
тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды тұтқынға 
алады да, қайтқанда өзімен бірге алып кетеді". Құл-
дардың саны борышқорлар арқылы көбейіп отыр- 
ғандығы анықталды. 
Жазбаша деректемелер мен археологиялық ма-
териал үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік 
фактісін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оны 
ең басты әлеуметтік топтарға шартты түрде бөлуге 
мүмкіндік береді. Үлкен обаларда атақты адамдар – 
ірі меншік иелері мен олардың әйелдері жерленген. 
Орташа обаларда өз алдына бөлек шаруашылық 
жүргізетін, халықтың көп бөлігін құрайтын ерікті, қа-
тардағы қауым адамдары; ал ұсақ обаларда – тәуелді 
ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген. 
Халықтың едәуір бөлігінде қару болмауы ерекше 
назар аударады. Қаруланған халықтың орнына ұлы 
және кіші гуньмолардың жасақтары пайда болды. 
Бұл жасақтар олардың билігіне сыртқы соғыстар 
кезінде ғана емес, халық толқулары кезінде де тірек 
болып отырды. Ал мұның өзі мемлекеттік өкімет 
элементтерінің айқын дәлелі болатын.
Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа 
мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. 
Үйсін тайпаларының кіші және ұлы гуньмолары-
ның арасында үстемдік үшін күрес жиі-жиі болып 
тұрды. Оған қоса мемлекет ішінде ғұндардың және 
Хань империясын жақтаушылардың арасында күрес 
орын алды. Цылим гуньмоның билік еткен кезеңі – 
б.з.д. 45–14 жылдар аралығы үйсін елінің дәуірлеген 
кезеңі болып саналды. Осы тұста ел арасындағы ты-
ныштық пен бейбітшілік орнайды. Б.з. V ғасырында 
үйсіндер мемлекеті құлдырап, түрік тайпаларына 
қосылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет