5. Ғұндар Тарау мақсаттары • Қытай жазба деректері негізінде ғұндардың
шаруашылық түрлерін анықтау;
• обалардан табылған заттай деректер арқылы
тайпалардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау;
• карта арқылы ғұндардың қоныстанған аумағын
анықтау, көрші елдермен байланысын сипаттау;
• ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жет-
кенін талдау;
• ғұндардың әскери өнер ерекшеліктерін, қа-
ру-жарақтарын сипаттау;
• ғұндардың батысқа жылжу себептерін анықтау;
• ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы
нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау;
• Еуропада Батыс Ғұн империясының қалай
құрылғанын түсіндіру;
• ежелгі авторлардың Аттила туралы мәлімет-
терін талдау.
Негізгі дағдылары Оқушылар:
• бұл тарауда археологиялық және жазба де-
ректермен жұмыс жасай отырып, ғұн тарихындағы
маңызды оқиғаларды талдауды;
• түрлі деректерден тақырыпқа сәйкес қажет-
ті ақпараттарды анықтап, қолдануды, тұжырым
жасауды;
• мемлекеттердің аумағын, маңызды география-
лық нысандарын картадан көрсетуді;
• өз пікірлеріне дәйектер келтіруді;
• мәтінмен жұмыс жасауды, оның негізгі идеясын
анықтауды;
• сабақ барысында алған білімі мен түсініктерінің
негізінде оқиға желісін құрастыруды үйренеді.
Ойланып көрейік Ғұндар қытай деректерінде «хунну» немесе «сюн-
ну», еуропалық деректерде «гун» деген атаулармен
кездеседі. Ғұндар б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында
Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағын
қамтыған ірі мемлекеттік бірлестікке айналды. Әскері
300–400 мыңға дейін жеткен. Ер азаматтарының бар-
лығы дерлік соғыстарға қатысқан. Ғұндар әскерінің
негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің
қару-жарағы садақ, семсер, қанжар, найза болған.
Ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс орнады.
Олар әскери шеберлігімен ерекшеленетін. Шапшаң
атты әскер, қорған бұзғыш мәшинелер, тас атқыш
техникалары жауды жеңуге көмектесті.
Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа
арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Жалпы ғұн тай-
паларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II
ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған.
Бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа
да ірі тайпаларға әсерін тигізді. Сондықтан тарихта
бұл құбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы"
деп атайды. Бұл үдеріс Орталық Азияның саяси кар-
тасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер әкел-
ді. Ғұндардың қоныс аударуы Қазақстанға да үлкен
әсерін тигізді: жергілікті тайпалар жаппай шығыстан
батысқа қарай орын ауыстыра бастады.
Қытай деректерінде ғұндар туралы: «Ғұндардың
құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы ша-
ньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге келген-
де, ол елдер екінші мемлекетке дейін елшіні азық-
түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...», – деген. Приск
ғұндар туралы: "Олар соғыстан кейін тыныш әрі қам-
сыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат
қылады, әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі
жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына
тартады," – деп жазады. Сонымен қатар дүниежүзілік
тарихта ғұндар «Ұлы Қытай қорғанының салынуы»,
«Халықтардың ұлы шайқасы» оқиғалары негізінде
танымал.
Кіріспе бөлімде ұсынылған бағыттаушы сұрақтар
оқушының ғұн тайпалары туралы жалпы ақпараттарды
жүйелеуіне мүмкіндік береді. Мысалы, "Ғұндар орасан
зор аумақты өздеріне қалай бағындыра алды?" деген
сұраққа жауап бере отырып, оқушылар тайпалардың
жаулаушылық жорықтары нәтижесінде орын алған ау-
мақтық өзгерістерін қарастыратын болады. "Тарихшы-
лар Халықтардың ұлы қоныс аударуын неліктен ғұн
тайпасымен байланыстырады?" деген сұрақты талдау
барысында "Ұлы қоныс аудару" үдерісінің неліктен
ғұндармен байланысты болғандығын қарастыра оты-
рып, саяси өзгерістерге назар аударады. Ал "Дерек-
терде ғұндар қалай суреттелген?" деген сұраққа жау-
ап беру барысында оқушыларға тақырып барысында
грек, рим тарихшыларының деректерімен танысаты-
нын айтып өтіңіз. «Аспан әскері», «Құдайдың қамшы-
сы», «Құдайдың жазасы», «Аспан салт аттылары» сөз
тіркестерінің мағынасын ашуды ұйымдастырыңыз.
Деректердегі маңызды ақпараттар арқылы ғұн тайпа-
ларына сипаттама жасай алатындығына көз жеткізесіз.