5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет250/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың нәсілдерді ерекшеліктеріне сай 
ажырата алуын және нәсілдердің қалыптасуындағы 
аймақтардың табиғи-географиялық ерекшелігінің 
әсерін сипаттай алуын жеке немесе жұптық бағалауға 
болады. Оқушылар "Анықтаңдар" тапсырмасында 
мәтін негізінде кем дегенде үш нәсілді анықтай алуы 
тиіс. "Сипаттаңдар" тапсырмасында андроновтық 
тұрпатқа анықтама беріп, кем дегенде екі белгісін 
атай алады. "Дәлелдеңдер" тапсырмасында өз пікір-
леріне кем дегенде екі дәлел келтіре алады.
Қосымша тапсырмалар
1. Кейбір оқушылар нәсілдер туралы қосымша 
ақпарат көздерін қолдана отырып, тереңірек зерттеп, 
мәліметтермен толықтырады.
2. Бір топ оқушы нәсілдердің қалыптасуындағы ай-
мақтардың табиғи-географиялық ерекшелігінің әсері 
туралы қорытынды жасап, дәлелдер келтіреді.
3. Кейбір оқушылар Алексеев, Ойжайлау, Зевакино 
қорымдары адамдарының тұрпаттық белгілерін са-
лыстыру кестесін толтырады.


160
7-тарау.
 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
7.1.
Ежелгі Қазақстан адамдарының 
антропологиялық тұрпаты (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдарының 
антропологиялық тұрпатын анықтау.
Тірек сөздер
генетикалық байланыс
Ресурстар
1. Ежелгі Қазақстан тайпаларының тұрпатын 
көрсететін суреттер мен кеспеқағаздар.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы, Атамұра, 2010. 
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. I том. – Ал-
маты, 2005. – 382 б.
Оқулық: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты, 
160-161-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Ежелгі Қазақстан адамдары-
ның антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?
Сабаққа дайындық
Ежелгі Қазақстан тұрғындарының қалпына кел-
тірілген тұрпатын көрсететін суреттерін қағазға 
шығарып немесе слайдты көрсетілім түрінде дайын- 
даңыз. Оқушыларға топпен жұмыс орындау үшін 
8 кеспеқағаз дайындаңыз. Кеспеқағаздардың төр- 
теуінде андрондық, сақ, сармат, үйсін тайпаларының 
тұрпатын сипаттайтын мәтін болуы тиіс. Қалған 4
кеспеқағазға қорымдардан табылған тайпа адамда-
рының реконструкциясының суреті беріледі. Ре-
конструкцияда қай тайпа адамы екенін жұмбақ 
қалдырыңыз. Себебі, оқушылар мәтін негізінде кес- 
пеқағаздағы сурет арқылы тайпа адамын анықтауы 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет