44 44
Тараудың қорытындысы Оқу нәтижелері Оқушылар: • еңбек құралдарының жетілуін түсіндірді;
• қару-жарақ түрлерін қолданылуына қарай си-
паттады;
• ежелгі адамдардың айналысқан алғашқы кәсіп-
терін, терімшілік пен аңшылықты сипаттады;
• металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салала-
рына, қоғамдық қатынастарға тигізген ықпалын мы-
салдар келтіре отырып түсіндірді;
• қазақстандық ғалымдардың ашқан археоло-
гиялық жаңалықтарымен танысты, ерекшеліктерін
сипаттады;
• тас және қола дәуірі археологиялық ескерт-
кіштерін салыстырып, ұқсастықтары мен айыр-
машылықтарын, ерекшеліктерін түсіндірді;
• Ә. Марғұланның археологиялық ғылымға сіңір-
ген еңбегін дәйектер келтіре отырып негіздеді;
• археологиялық деректерге сүйене отырып, Ан-
дронов мәдениетінің ерекшеліктерін анықтады;
• алғашқы адамдардың антропологиясына қара-
пайым сипаттама берді;
• алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығар-
машылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет)
көрсетті.
Өздеріңді тексеріңдер Осы тарауда алған білімдерін қорытындылап,
оқушыларға нені білгендерін еске түсіру үшін беріл-
ген тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Оқушылардан
тас дәуірі, энеолит, қола дәуірінде адамдар өмірінде
орын алған маңызды оқиғалардың тізімін жасауды
сұраңыз. Келесі санаттар бойынша жіктеуді ұсыныңыз:
1. Мені таңғалдырған жағдай. 2. Адамдар өмірін ай-
тарлықтай өзгерткен жайт. 3. Бұл жайт туралы қосым-
ша білгім келеді. Оқушылар келесідей жауаптар
бе-
руі мүмкін: 1. Мені таңғалдырған жағдай – алғашқы
адамдардың тастан еңбек құралдарын жасағандары
(тас – қатты зат, белгілі бір еңбек құралын жасау үшін
жеткілікті күш пен уақыт қажет). 2. Адамдар өмірін
айтарлықтай өзгерткен жайт – адамдардың отты пай-
далана бастауы, жабайы жануарларды қолға үйретуі,
еңбек құралдарының жетілдірілуі. 3. Бұл жайт туралы
қосымша білгім келеді. Осы жерде оқушылар кез кел-
ген мәселені айта алады.